Моңғолиядағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы көшпелілер өркениеті теориясы (ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басы)
Аннотация
Мақалада, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде Моңғолия қазақтарының саяси-экономикалық және әлеуметтік өмірінің күрделілігі қарастырылған. Моңғолия қазақтары Цин империясы қарамағына өткеннен кейін де, олардың ел билеу жүйесіндегі хандық билікті жойды. Цин әкімшілігі бұрынғы хан, сұлтан, болыс, ауыл басы, билер соты деген басқару жүйесін жойып, өз үлгісімен алты сатыдан тұратын жаңа әкімшілік билеу жүйесін енгізді. Маньчжур-қытайлық билеу жүйесін Цин империясы енгізгенімен қазақтың ел билеу жүйесі біржола жойылып кетпеген, ол көбіне қазақтардың ішкі мәселелерін шешумен айналысатын болғандығы қарастырылған. Моңғолия қазақтарының әлеуметтік құрылымындағы көшпелі мал шаруашылығына байланысты зерттеулердегі көзқарастар талқыланған. Қазақ елінің әлеуметтік өмірі формация теориясы тұрғысынан зерттеуге болмайтынын практиканың өзі дәлелдеп беріп отыр. Осы себептерге байланысты ғалымдар Қазақстанмен қоғамдық құрылысы ұқсас елдердің ортағасырдағы әлеуметтік өмірінің сипатын зерттегенде «көшпелілер өркениеті» деген теорияны басшылыққа алуды ұсынып отыр. Нәтижесінде Моңғолия қазақтарының көшпелі мал шаруашылығының дамуы атамекендегі қазақ халқынан тыс ерекшелігі болмаған деген қорытынды жасалған.