Отандық тарихи тұлғатану әдіснамасындағы ұлттық мүдде

Авторлар

  • Kh. Tursun Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • B. Mambetov Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/jh-2019-2-h23
        66 111

Аннотация

Мақала отандық тарих ғылымында тұлғатану бағытының методологиялық мәселелері бойынша тың тұжырымдар жасауға арналады. Тақырып бойынша ғылыми ізденіс жүргізудің басты мақсаты тәуелсіз тарихи сана қалыптастыру үшін отандық тұлғатанудың методологиялық проблемаларына талдау болып белгіленген. Кеңестік және посткеңестік гуманитарлық кеңістікте тарихи тұлғатанудың методологиясында қолданылған әдіс-тәсілдер идеологиялық ұстанымдарға тәуелді болғандықтан да зерттеу нысандарының тарихи оқиғалар мен құбылыстардағы орны мен рөлі жеткілікті бағасын ала алмады. Сол себепті де тарихи тұлғалардың өмірбаяны мен қоғамдық-саяси қызметі және шығармашылығын талдау мен бағалауда субъективтік тұжырымдар мен пікірлерге жол берілді. Отандық тұлғатанудың қазіргі заманғы методологиялық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып тарихи тұлғалардың қызметі мен тарихтағы алар орнын бағалаудың өлшемдерінің қалыптасуы тарих мазмұнын жаңалауда объективті тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Мақалада кеңестік тұлғатануда қолданылған партиялық-мемлекеттік номенклатура тұжырымы элиталық тұжырымның әдіс-тәсілдерімен салыстырыла талданады. Партиялық-мемлекеттік номенклатура тұжырымы идеологиялық ұстанымдарға тәуелділігіне балама ретінде тарихи зерттеулерде элиталық тұжырымды қолданудың артықшылықтары айқындалады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды элиталық көзқарас әдіс-тәсілдерімен қарастыра отырып, жекелеген тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылығына баға берудің методологиялық өлшемдері ұсынылады. Отан тарихындағы тұлғаларды ұлттық-мемлекеттік мүддеге жасаған қызметі арқылы бағалаудың ғылымилығы туралы тұжырымдар жасалған. Отандық зерттеушілердің еңбектерінде тарихи тұлғатану методологиясының жекелеген аспектілері ғана қарастырылғандығын ескерер болсақ, мақалада қол жеткен ғылыми нәтижелер осы саланың теориялық негіздерін толықтыруға қызмет етеді. Содан да мақалада тұжырымдалған тарихи тұлғалар қызметін бағалаудың өлшемдерін тарих мазмұнын жаңалауда, ғылыми зерттеу жұмыстарында және арнайы пәндердің мазмұнында қолдануға болады.

Жүктелулер

Как цитировать

Tursun, K., & Mambetov, B. (2019). Отандық тарихи тұлғатану әдіснамасындағы ұлттық мүдде. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 93(2), 175–182. https://doi.org/10.26577/jh-2019-2-h23

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая