ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДА ӘЛ-ФАРАБИ КІТАПХАНАСЫ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-3-277Аннотация
Көптеген өзге де мәдени мекемелердегідей, кітапхана да қазіргі заманда жаңа технологияны қолданудан қапы қалмасы анық. Электронды-ақпараттық ортаны құрайтын, компьютерлік желі мен цифрлық технология дәстүрлі әдістер мен кітапхананың ақпараттық қызметін арттыруда сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік береді.
Мақалада, әл-Фараби кітапханасын мысалға ала отырып, жоғары оқу орындарының кітапханасына RFID технологиясын енгізу арқылы жаңғырту, кітапханадағы барлық жүйенің қызмет көрсетуін толықтай өзгертуге жағдай жасалуы, сондай-ақ оқырмандардың электрондық формулярына ауысуы, оқу залындағы қосалқы қорды еркін пайдалануға мүмкіндік берілуі және студенттердің өзіне-өзі қызмет көрсетудің тиімділігі мен электрондық кітапханадағы жазылымды дерекқорларына қолжетімділігі ашық түрде болуы туралы баяндалады. Электронды порталмен, кітапхана каталогымен, университеттің корпоративтік басқару жүйесімен, Интернет-ресурстармен – әлемдік сандық кітапханалармен, Қазақстан мен ТМД елдеріндегі онлайн кітапханалармен, серіктес университеттердің кітапханаларымен жұмыс істеуге арналған аймақ ретінде қарастырылады.
Әл-Фараби кітапханасы электронды кітапхана қалыптастыру арқылы қорды толықтыру, сақтау, толыққанды және сапалы ақпарат көздерін оқырмандардың білім жүйесінде қолдануын қамтамасыз етіп, университетіміздің даму стратегиясына сай қызмет көрсетеді.
Алдағы уақытта Елбасымыздың 2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының бағыттарына сәйкес жаңа технологияларды пайдалана отырып, кітапхана деңгейін «ақылды кітапханаға» айналдыру жоспарланып отыр.