АЛТЫН ОРДАНЫҢ САУДА-САТТЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ (ХІІІ ғ. – ХҮ ғ. басы)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-3-268Аннотация
Мақалада Еуразия даласындағы сауда-саттық байланыстарының Алтын Орда дәуіріндегі тарихы қарастырылған. Сонымен қатар, Алтын Орда тарихының шеңберінде Еуразия даласындағы сауда-саттық қатынастарының дамуы мен құлдырауына ықпал еткен факторлары талданған. Мақаланың бастапқы бөлігінде моңғол шапқыншылығы және оның Еуразия даласындағы сауда-саттық жүйесіне ықпалы, моңғол ұлыстарының сауда бағыттарына бақылау орнатуы сипатталған. Ал негізгі бөлігінде Еуразия даласының басым бөлігіне сауда-саттық гегемониясын орнатқан Алтын Орданың экономикалық саясаты, негізгі сауда бағыттары мен негізгі кезеңдері талданған. Соңғы бөлімінде ХІV ғ. соңына қарай Еуразия даласындағы сауда-саттық қатынастарының құлдырауы мен оған ықпал еткен себептері ғылыми тұрғыдан талданған. Мақаланың дерек көзі болып табылатын ортағасырлық тарихи деректер мен отандық және шетелдік зерттеушілердің ой-пікірлері ғылыми тұрғыдан сарапталған.