ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ Р.ҚОШҚАРБАЕВ: ӘСКЕРИ ЖОЛЫНА ТАРИХНАМАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРЕКТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH202511832Кілттік сөздер:
соғыс, дивизия, полк, оқ, Берлин, Рейхстаг, Жеңіс, Ту, батыр.Аннотация
Мақалада Рақымжан Қошқарбаевтың әлеуметтік шығу тегі мен оның ең алғашқы болып Рейхстагқа Жеңіс туын қадауы және Халық қаһарманы атануының ерекшеліктері ашылады (1924-1988). Оның Берлинге дейінгі жүріп өткен жауынгерлік жолы көрсетіледі. Екінші дүниежүзілік соғыстың көп қан төгілген Берлин операциясына қатысуы, осы бір сұрапыл соғыста жанқиярлық танытып Рейхстаг үйіне бораған оқ астында бірінші болып жетуі және оның төбесіне Жеңіс туын алғашқы болып қадауы баяндалады. Мақалада өмірбаяндық әдіс пайдаланылды, оның әдіснамалық ерекшеліктері тұлғаны сәйкестендіру және шынайы бағалау процесін қарастыруға мүмкіндік берді. Әсіресе, соғыс аяқталғаннан кейін Р.Қошқарбаевтың ең алғашқы болып Жеңіс туын қадағанын дәлелдеп ізденген адамдардың материалдары мен мақалалары қарастырылды. Екінші дүниежүзілік соғысқа арналған мұрағат қорлары мен сайттардың материалдары, соғыс ардагерлерінің естеліктері, Р.Қошқарбаевтың замандастары мен әріптестерінің естеліктері дереккөздік негізге айналды. Мақалада құрамында Р.Қошқарбаев қатысқан 150-дивизияның 674-і полкінің соғыс жылдарындағы майдандағы жорығы туралы кітаптар талданды, оның Жеңіс жолында қосқан үлесі сипатталды. Бұл мақала Екінші дүниежүзілік соғыстың куәгерлерінің тарихи жадын, патриотизм мен тарихи сабақтастығын дамытуға ықпал етеді.