ОТАРЛЫҚ БИЛІК ТҰСЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ: К.К. ПАЛЕН ЕСЕПТЕРІН ПОСТКОЛОНИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH202511839
        124 37

Кілттік сөздер:

Жетісу облысы, Паленнің ревизиялық есептері, қазақ шенеуніктері, отарлық әкімшілік, постколониалдық теория, Ресей империясы

Аннотация

Мақалада XIX–XX ғасырлар тоғысындағы Жетісу облысындағы қазақ шенеуніктерінің қалыптасуы мен әкімшілік басқаруына арналған граф Константин Константинович Паленнің ревизиялық есептері қарастырылады. Ерекше назар осы құжаттарды тарихи дереккөзі ретінде ғана емес, сонымен қатар Орталық Азиядағы Ресей империясының отарлық идеологиясы мен билігін бейнелейтін мәтіндер ретінде талдауға аударылады.

Постколониалдық теориялық тәсілді пайдалана отырып, автор Пален есептерінің тілі мен құрылымы қалай «басқалар» бейнесін қалыптастырып, империялық үстемдікті заңдастырып, жергілікті басқару институттарын кемсітетінін зерттейді. Талдау Эдвард Саид, Гаятри Спивак, Хоми Бхабха және басқа да теоретиктердің ұғымдары негізінде жүргізіліп, қазақ шенеуніктерінің колониялық билік пен жергілікті халық арасындағы делдал ретіндегі күрделі жағдайын айқындайды.

Зерттеу нәтижелері Жетісу облысындағы отарлық басқару механизмдері мен әлеуметтік-саяси динамиканы түсінуді тереңдетіп, ресми дереккөздерді сыни тұрғыдан қарастырудың маңыздылығын атап көрсетеді, бұл қазіргі тарихи әдебиетте отарлық стереотиптердің қайта тууының алдын алуға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: Жетісу облысы, Паленнің ревизиялық есептері, қазақ шенеуніктері, отарлық әкімшілік, постколониалдық теория, Ресей империясы

Жүктелулер

Как цитировать

Абдрахим, М. (2025). ОТАРЛЫҚ БИЛІК ТҰСЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ: К.К. ПАЛЕН ЕСЕПТЕРІН ПОСТКОЛОНИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 118(3), 101–112. https://doi.org/10.26577/JH202511839

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества