1747 ЖЫЛҒЫ ҚАРУ-ЖАРАҚҚА ТЫЙЫМ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕ ЖӘНЕ ИМПЕРИЯНЫҢ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ СТРАТЕГИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH202511836
        42 1

Аннотация

Бұл мақала Ресей империясы мен Қазақ хандығы арасындағы қарым-қатынастар тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі — 1747 жылы қазақтарға (қырғыз-қайсақтарға) оқ-дәрі мен атыс қаруын сатуға ресми түрде тыйым салу мәселесіне арналған. Аталған жарлық жеке-дара акт емес, Ресейдің далалық халықтардың әскери әлеуетін әлсірету және Қазақ даласы үстінен саяси бақылау орнатуға бағытталған жүйелі әрі мақсатты отарлық стратегиясының бір көрінісі ретінде қарастырылады.

Мақалада Ресей империясының бұл тыйымды енгізуіне себеп болған саяси және геосаяси факторлар талданады. Атап айтқанда, Ресейдің аймақтағы өзге державалардың (әсіресе Жоңғар хандығы мен Орталық Азия хандықтарының) ықпалын шектеуге және қазақтар тарапынан болуы мүмкін көтерілістердің алдын алуға ұмтылысы көрсетіледі. Ерекше назар хан Әбілқайырдың рөліне аударылып, оның өз халқының мүддесі мен империялық қысым арасында қалған күрделі жағдайы сараланады. Оның дипломатиялық белсенділігі мен екіұшты саяси ұстанымының қазақ-орыс қатынастарының дамуына қалай әсер еткені көрсетіледі.

Архивтік құжаттарға, патша жарлықтарына, Орынбор комиссиясының есептері мен ресейлік офицерлердің жазбаларына сүйене отырып, Ресей саясатының протекционизмнен ашық отаршылдыққа өту процесі зерттеледі. Сонымен қатар, бұл тыйымның қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері — сауда байланыстарының шектелуі, орыс әскери гарнизондарына тәуелділіктің артуы және хандықтың әскери құрылымының өзгеруі қарастырылады.

Осылайша, мақала Ресей империясының Орталық Азияға бағытталған алғашқы экспансиялық кезеңдерін тереңірек түсінуге үлес қосып, Қазақ даласын саяси және экономикалық бағындырудың жасырын тетіктерін ашып көрсетеді.

Жүктелулер

Как цитировать

Китигулов, С., & Әбденов, А. (2025). 1747 ЖЫЛҒЫ ҚАРУ-ЖАРАҚҚА ТЫЙЫМ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕ ЖӘНЕ ИМПЕРИЯНЫҢ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ СТРАТЕГИЯСЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 118(3), 65–73. https://doi.org/10.26577/JH202511836

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества