МОҢҒОЛ ИМПЕРИЯСЫ МЕН АЛТЫН ОРДАНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНДЕГІ СЫЙЛЫҚТЫҢ РӨЛІ (БАТЫС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ БОЙЫНША)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH20251161012Кілттік сөздер:
ұжымдастыру, босқын, мәжбүрлі көші-қон, ауа көшу, реэвакуация, кері көші-қонАннотация
Орталық Еуразияның ортағасырлық тарихында Моңғол империясы мен Алтын Орда маңызды із қалдырды. Моңғол ұлыстары исламды қабылдағанан кейін, олардың жіберген және қабылдаған дипломатиялық сәлемдемелерінде ислам мазмұнындағы заттар жиі қолданысқа түсе бастады. Мақаланың мақсаты – Орталық Еуразия империяларының дипломатиясында ислам мазмұнындағы сыйлықтар мен сыйлық беру тәжірибесінің жаңа идеологияны қаншалықты бейнелегенін, белгілі бір контекст астарында екі тараптың сыйлықты қабылдау және мәнін түсіну деңгейін анықтай келе, исламға дейінгі дипломатиядағы сыйлық беру дәстүрінің қаншалықты өзгеріске ұшырағанын қарастыру.
Мақалада Орталық Еуразия империяларының дипломатиясын, дипломатиялық келіссөздерін, сыйлық алмасу дәстүрлерін, соның ішінде ислам мазмұнындағы сыйлықтар мен олардың символикалық маңызын, елшілерді қабылдау протоколы мен дәстүрлерін зерттеген Батыс ғалымдарының еңбектері пайдаланылды.
Дипломатиялық сыйлықтар ресми дипломатиялық диалогтар жүргізу үшін, шынайылықты көрсететін нышан ғана емес, сыйлық алмасу – сенім қалыптастыру мәселесі болып табылaды. Хат алмасу арқылы жүргізілген келіссөздердің шынайылығы мен түпкілікті нәтижелері, негізінен дипломатиялық сыйлықтар, келісімдер және рәсімдер арқылы расталуы керек. Сонымен қатар, сыйлық – берушінің мәртебесін, күші мен жомарттығын көрсететін бәсекелестіктің символикалық бөлігі болып табылады.
Сыйлық алмасу дипломатиялық тәжірибенің ажырамас бөлігі, ал сыйлық беру рәсімі негізгі элемент болды. Дипломатиялық хаттамаға сәйкес, елшілерге салтанатты қабылдауларда үнемі сыйлықтар табыс етілді. Сыйлықтардың ең алдымен символикалық мағынасы болды, кейбір жағдайларда сирек кездесетін ерекше заттар берілді. Сыйлық алмасудың басты міндеті, екі ел арасындағы достық байланысты жандандыру мен сақтап тұру еді. Сыйлық алмасу рәсімдерінің маңыздылығын сыйлықтан бас тарту туралы мәлімдемелерден білуге болады. Сыйлықтан бас тарту, екі жақты келісімдерге қол қойылмағанын білдіретін еді.