ШАРЫН ӨЗЕНІНІҢ ОРТА АҒЫСЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2024.v115.i4.a13Кілттік сөздер:
Шарын, Сарытоғай, қазба, оба, қорым, қоныс, қабір шұқыры, үйінді, тас, ағаш, бөрене, ерте темір ғасыры.Аннотация
Белгілі бір аймақ алғаш рет кешенді түрде зерттеліп, тарихи өткенді толық қалпына келтіруге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Мақалада бүгінгі күні белгілі Сарытоғай қорымындағы элиталы обалар бірыңғай өлшемдер бойынша талданады.
Ерте көшпелі тайпалардың мекендеген уақыты құрлық халықтарының тарихындағы маңызды кезең болып табылады. Бұл – көшпелі мәдениеттің қалыптасуы, жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастардың орнығуы, діни-мифологиялық түсініктердің өзгеру кезеңі. Осы кезеңде Еуразияның далалары, жартылай шөлдері мен тау бөктерлерінде ұзақ уақытқа созылған тарихи кезеңнің сипатын айқындаған елеулі өзгерістер орын алды. Ерте көшпелілердің мәдениетін зерттеу арқылы этнографиялық қазіргі заманға дейінгі көшпелі мәдениеттің өзгерісін қадағалауға мүмкіндік бар. Сондықтан, көшпеліліктің қалыптасу дәуірін және қуатты протомемлекеттік құрылымдардың пайда болуын зерттеу, әсіресе Жетісу өңірінде, аса маңызды және болашағы зор.
Осыған байланысты, соңғы уақытта этникалық және этномәдени процестердің барша алуан түрлілігін ұғынуда аймақтық зерттеулер ерекше рөлге ие болып отыр. Жекелеген тарихи-географиялық аймақтарды халқының ерекшеліктерімен бірге зерттеу қолданыстағы түсініктерді едәуір тереңдетіп, нақты бір этностың табиғатын ұғыну үшін маңызды қосымша дәлелдер береді. Жеке микроаймақтарды зерттеудің болашағы соңғы жылдары көптеген ғалымдар тарапынан қолдау тауып отыр. Бұл, ең алдымен, әрбір микроаймақтың өзіне тән хронологиялық шкалаларын құру мүмкіндігімен байланысты, оларды өзара салыстыру арқылы ежелгі қоғамның әлеуметтік-мәдени даму динамикасының кең бейнесін және Жетісудың ерте көшпелілер қоғамының субэлиталық әлеуметтік тобының мәдени дәстүрлерінің қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туады. Осы тұрғыда аймақтық кешенді зерттеу өте орынды деп ойлаймыз, себебі Жетісу – ерте тайпалық одақтардың қалыптасуы мен қызмет еткен, бай этносаяси тарихы бар, қазақ мемлекеттілігі мен халықтығының қалыптасқан жері, табиғи-географиялық және мәдени-генетикалық ерекшеліктермен айқындалған, өзіндік дәстүрлі мәдениеті бар ерекше аймақ.