XVIII – XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ШЕКАРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ТУРАЛЫ КӨРНЕКІ ДЕРЕККӨЗДЕР
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH2025116105Кілттік сөздер:
реконструкция, фронтир, шекара, ХVIII-ХХ ғасыр басындағы көрнекі дерек көздері, пәнаралықАннотация
Мақаланың мақсаты – көрнекі және жазбаша дереккөздерге негізделе XVIII – XX ғасырдағы Қазақстан шекарасының қалыптасуын зерттеу. Автор 2024 жылы Қазақстанның мұрағаттарында, мұражайлары мен кітапханаларында анықталған көрнекі және жазбаша дереккөздерді ғылыми айналымға енгізеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы оның пәнаралық болып табылатындығында және ғылымдардың түйіскен жерінде дайындалғандығында: тарих, тарихи география және тарихи картография.
Нәтижелер: табылған көрнекі дереккөздер бекіністердің, бекініс сызықтарын, шекара заставаларының, Ресей империясы әскерінің әскери жасақтарының жүру жолдары мен қару-жарақтарының әр түрлі жобаларын және әкімшілік-территориялық бөліністердің тарихын айқын көрсетеді. Анықталған көрнекі және жазбаша дереккөздерді талдау нәтижесінде шекаралардың қалыптасуы ұзақ және көп өлшемді сипатқа ие екендігі анықталды. Негізгі сипаттамаларға бекіністерді орналастыру, милитаризациялау, қазақ жерлеріне терең территориялық және әскери экспансия, тұрақты әскери бөлімдер, басқарудың әскерилендірілген нысандары жатады. Зерттеу XVIII – XX ғасырдағы Қазақстан шекарасының қалыптасуының келесі кезеңдерге бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: бекіністердің салынуы (императорлық билікті нығайту және қазақтарға ықпал ету мақсатында), бекініс желілерін құру (қазақтарды даланың тереңіне оттыстыру), шекаралық аймақтың қалыптасуы, реформалау және шекараны бекіту. Шекаралар қол жетімділіктің төмендігі, табиғи ресурстардың, өзендер мен тау жоталарының нашарлығы арқылы белгіленді және нығайтылды.