ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҰҒЫМДАР МЕН КАТЕГОРИЯЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v115.i4.a1
        57 27

Кілттік сөздер:

әлеуметтік ұйымдасу, әлеуметтік қарым-қатынастар, дәстүрлі қазақ қоғамы, сауын, сауға, аманат, жылу, рулық құрылым.

Аннотация

Мақалада қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшелігі мен әлеуметтік қарым-қатынастардың сипатын көрсететін әлеуметтік ұғымдар мен категориялардың зертелуі мен мағынасы  талданады. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік ұйымдасуы, әлеуметтік топтардың қызметі, олардың өзара қарым-қатынастарын көрсететін сауын, сауға, аманат, жылу, қызыл көтеру және т.б.  әлеуметтік ұғымдарға баса назар аударалады.

Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде салыстырмалы тарихи зерттеу әдістері мен әлеуметік қарым-қатынастар француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгеймнің тұжырымдамасына сәйкес талданады. Сонымен қатар, қазақ қоғамының әлеуметтік ұйымдасуының этно және социомәдени ерекшеліктері мен қазақ қоғамының ұйымдасуының өркениеттік ерекшеліктері туралы жаңашыл тұжырымдар басшылыққа алынды. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік қарым-қатынастарың өзіндік ерекшеліктерін көрсетететін әлеуметтік ұғымдарың бірқатары кеңестік тарихнамада қазақ қоғамын «көшпелі феодализм» теориясы шеңберінде зерттеген еңбектерде «үстем таптың» «езілген халықты» қанауының нақты механизмдері ретінде  талданды, ал кей ұғымдар тек дәстүр ретінде ғана аталып өтті. Мақалада көтеріліп отырған мәселе ауыз әдебиеті үлгілерінің мәліметтері мен соңғы зерттеулерді тарихнамалық талдау негізінде сарапталды. Нәтижесінде дәстүрлі қазақ қоғамындағы жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтар әлеуметтік қатынастарға түсе отырып, оның әрібір мүшесі сол қауымдастыққа тән ортақ ережелерді орындағаны, олар өз мүдделеріне сәйкес бір-біріне тәуелді бола отырып жеке адам социумның біртұтас бөлігі ретінде әрекет жасағаны тұжырымдалады. Осы тұрғыдан алғанда дәсүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік қарым-қатынастар сипатын ашып көрсететін ұғымдар индивидтер арасындағы қарым-қатынасардың белгілі бір таптың немес топтардың экономикалық тұрғыдан пайда табу мақсатында емес, керісінде көшпелі қауымның (рудың) ортақ игілігі үшін  жеке адамды әлеуметтік тұрғыдан қолдау мен оның кепілі ретінде көрініс бергені айқындалды. Бұл ұғымдар әлеуметтік қатынастар механизмдері қоғамда қалыптасқан моральдық-этикалық приниптер негізінде жүзеге асырылғаны көрсетеді.

Автордың биографиясы

И. Т. Шакирбаева, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Шакирбаева Индира Тулегеновна – Қазақстан тарихы кафедрасының докторанты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. Е-mail: indira.81-81@mаil.ru.

Жүктелулер

Как цитировать

Шакирбаева, И. Т. (2024). ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҰҒЫМДАР МЕН КАТЕГОРИЯЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 115(4). https://doi.org/10.26577/JH.2024.v115.i4.a1

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества