ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЛА ТУУ МЕН ОНЫҢ ТӘРБИЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ (ТАРБАҒАТАЙ ӨҢІРІ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v112.i1.013
        149 111

Аннотация

Мақаланың мақсаты – дәстүрлі қазақ отбасындағы жүкті әйелге деген қарым-қатынас, бала туу және оның тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарды және басқа түркі және моңғол тектес халықтарымен салыстырғандағы олармен генетикалық және мәдени ортақтықтарын саралау. Сонымен қатар, әдет-ғұрыптардың қазіргі кездегі сақталуы мен қажеттілік дәрежесін анықтап, қазақ отбасындағы дәстүр мен жаңашылдық әсерін талдау. Мақалада жүкті әйелге байланысты әдет-ғұрыптарды талдау әйелдің отбасы мен қоғамдағы жағдайына әсер еткен және әсер ететін, оның мәртебесін көтеретін немесе төмендететін критерийлерді анықтауға мүмкіндік береді.

Мақала автордың өзі ел арасынан жинаған түздік мәліметтерінің және тақырыпқа қатысты зерттеулер негізінде жазылған. Қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, қазақтың екіқабат әйелге және бала туу мен оның тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар жүйесін үш негізгі кезеңге бөлдік: босануға дейінгі кезеңдегі әдет-ғұрыптар; босануға байланысты әдет-ғұрыптар; босанғаннан кейінгі әдет-ғұрыптар. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында қазақ халқының әдет-ғұрыптарында көршілес халықтар, оның ішінде түркі тілдес Сібір және Орта Азия халықтарының әдет-ғұрыптарымен сабақтастық бар екендігіне көз жеткіздік. Сонымен қатар, бұл ғұрыптардың пайда болуымен қоса, олардың семантикалық мәніне саралау жасалды.

Түйін сөздер: қазақтар,этнос, ұлт, этнография, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тағам, бала туу.

Мақала BR18574057 «Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарының (Шу-Іле ауданы, Тарбағатай және Алакөл алабы) мәдени мұрасын пәнаралық (археологиялық және тарихи-этнографиялық) зерттеу» атты мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында жазылды.

Автордың биографиясы

М. Қ. Егізбаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

т.ғ.к., доцент, археология, этнология және музеология кафедрасы, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ.E-mail: egyzbaevamk@gmail.com    

Жүктелулер

Как цитировать

Егізбаева, М. Қ. (2024). ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЛА ТУУ МЕН ОНЫҢ ТӘРБИЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ (ТАРБАҒАТАЙ ӨҢІРІ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 112(1), 165–177. https://doi.org/10.26577/JH.2024.v112.i1.013

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология