Ежелгі Күлтөбе қалашығында 2023 жылы жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2024.v113i2-020Кілттік сөздер:
Сырдария, Келес, Күлтөбе, қалашық, стратиграфия, топография, фортификацияАннотация
Келес өңірінің тарихы сонау тас дәуірінен бастау алатындығы белгілі. Қазығұрт тау бөктерінде орналасқан тұрақтар өңірде адамзат баласының сонау тас дәуірінен бері өмір сүріп келе жатқандығының куәсі болуда. Суы мол өзен алқаптарында көптеп кездесетін қоныстарды, қалашықтарды және қорымдарды негізге алар болсақ, өңірдің сонау ерте темір дәуірінен бері адамзат баласының құтты мекеніне айналғандығын аңғаруға болады. Археологиялық зерттеу жұмыстардың нәтижесінде Келес даласында мекендеген ежелгі халықтар көшпелі мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығымен де айналысқандығы, тіпті қалалар тұрғызызып, өңірдегі алғашқы қалалық мәдениетті қалыптастырғандығы анықталуда. Келес даласы орта ғасырларда Сайрам және Шымкент қалаларын Шаш қаласымен, Шаш қаласынан Байырқұм, Сүткент, Отырар және Яссы қалаларымен байланыстырып тұрған Ұлы Жібек жолының маңызды орталықтарына айналды. Осылайша Келес даласындағы қалашықтардың саудасы мен өнері, егіншілігі мен мал шаруашылығы қатар дамып, қалалық мәдениеттің қалыптасуына негі болды. Мақалада осы күнге дейін толық зерттелмеген Күлтөбе қалашығының топографиялық құрылымын, құрлыс қабаттары бойынша тұрғын үйлердің архитектуралық ерекшеліктерін және қорғаныс жүйесін зерттеп, талдап, ғылыми айналымға енгізуді жөн санадық.
Мақала AP19678134 «Келес өңірінде орналасқан ежелгі Күлтөбе қалашығында археологиялық және пәнаралық зерттеулер жүргізу» тақырыбындағы ғылыми жоба негізінде дайындалды.