ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ПОШТА-ТЕЛЕГРАФ МЕКЕМЕЛЕР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚТАР (XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ- XX ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2024.v112.i1.01Кілттік сөздер:
коммуникация, пошта, телеграф, коммуникация, пошта жолдары, қатынас жолдары, земстволық пошта, пошта-телеграф қызметкерлері.Аннотация
Империя тұсында басқару жүйесі күрделі бірнеше сатылы институтты қамтыды. Түрлі деңгейдегі қарым-қатынастар мен басқару шешімдерінің нәтижелі болуы коммуникацияны дұрыс ұйымдастыру және жүргізуге байланысты болды. Іс жүргізумен қатар пошта қызметі де басқару институттары, мекемелер және азаматтар арасында коммуникативтік рөл атқарады. Коммуникация технологиясының сол уақыттағы маңыздылығы басқару институттары арасында қажетті ақпаратты жазу/тіркеу, бекіту үшін іс жүргізуді, ал бір-бірімен ақпаратпен алмасу үшін пошта байланысын дүниеге әкелуінде. Ақпараттың құндылығы оның жылдам әрі уақытылы жеткізіліп отыруымен өлшенеді. Осылайша, іс жүргізу мен пошта байланысы басқару институтының иерархиясы болып қалыптасты. Бір де бір империялық мекеме өз басқару қызметін кеңсесіз жүргізе алмады, ал мекемелер поштасыз өзара әрекеттесе алмады.
Қарастырылып отырған мақалада жалпы Ресей империясында қалыптасқан пошта-телеграф мекеме қызметкерлерінің иерархиясы мен негізгі қызмет бағыттары қарастырылды. Сонымен қатар, Жетісу облысы мысалында қазақтардың пошта-телеграф мекемелерінде қазақтардың кейбір қызмет тәжірибелері көрсетілген.