Қарашық өңіріндегі ежелгі және ортағасырлық қалалардың зерттелу тарихы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v111.i4.013
        206 108

Кілттік сөздер:

Археология, елді мекен, бекініс,қала, Қарашық,өңір, барлау, қазба, орталық бөлік, шахрстан, шаруашылық аймағы.

Аннотация

Мақалада Қарашық өңірінде 1969-2023 жылдарда жүргізілген археологиялық зерттеулер кезінде ашылып есепке алынған ежелгі, ортағасырлық елді мекендер, бекіністер мен қалалардың тарихи-топографиялық құрлымы оларда жүргізілген қазбалардың(байқау, стартиграфиялық, кең көлемді) нәтижелері қарастырылған.

Сырдария өзенннің төменгі, орта (Арыс өңірі, Отырар, Түркістан, Сығанақ оазистері) ағыстары, Қаратаудың оңтүстік, солтүстік беткейлері, Талас, Шу өңірлері мен Жетісу ежелден қалалық өркениет дамыған тарихи-географиялық аудандар. Осы аудандардағы ежелгі, ортағасырлық қалалар, елді мекендер мен бекіністер негізінде Ұлы Жібек жолы мен керуен жолдарының бойында қалыптасқан. ІХ-Х ғасырлар кезінде Отырар аймағына іргелес орналасқан Шауғар (Шабғар, Шавғар) атты аймақ және оның басты қаласы Шауғар болғаны тарихи және географиялық еңбектерден белгілі. Сырдарияның орта ағысында орналасқан Түркістан оазисі Сауран, Сидақата, Қарнақ, Қарашық, Шаға, Иқан, Шауғар, Тамдыөзек оазистеріне бөлінеді. Осы оазистің ортасында орналасқан Қарашық микрооазисін (өңірін – М.Е) солтүстік-батысында Қарнақ, оңтүстік-шығысында Шаға, оңтүстігінде Шауғар, оңтүстік-батысында Тамдыөзек микроозистері қоршап жатыр.

Қарашық өңірінде, 1969-2023 жылдар аралығында  жүргізілген археологиялық зерттеулер кезінде бірқатар елді мекен, бекіністер, қалалар ашылып, олардың тарихи-топографиялық құрылымы анықталып, бірқатар ескерткіштерде қазба жұмыстары жүргізілді. Дегенмен Қарашық өңірі әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ. Әсіресе өңірдің тау шатқалдарындағы, өзендердің тау шатқалдарынан шығаберістегі және Қарашық өзенінің тау алды жазығында  кең көлемде барлау жасап, ескерткіштіердің өмір сүрген кезін анықтау үшін көлемді қазбалар жүргізу қажет. Демек, Қарашық өңіріндегі ежелгі және ортағасырлық қалалардың таралу аймағын, санын, олардың пайда болған кезін, даму кезеңдерін, топографиялық ерекшеліктерін анықтау, алдағы жылдарда жүргізілетін кешенді жұмыстарға байланысты.

Автордың биографиясы

M. Eleuov , әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

Елеуов  Мадияр,  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор,  археология,  этнология  және музеология кафедрасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Әл-Фараби даңғ. 71, Алматы, Қазақстан Республикасы.

Библиографиялық сілтемелер

Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар (топография, стратиграфия, перспективы) Алма-Ата: Наука, 1972. С. 217 .

Акишев К.А. Средневеьвые работы и курумы Каратау // Известия НАН РК. Серия общественных наук. 1994. С. 39-44.

Ғылыми есеп Түркістан ескерткіштері (аралық). Алматы, 1997. 39 б // Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті. Археология және этнология кафедрасының архиві. 1997 жыл, Р/с № 10.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есеп. Тұран археологиялық экспедициясының 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысында жүргізген зерттеулері (аралық). Түркістан, 2003. 161 б // К.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Археология ғылыми-зерттеу орталығының архиві. 2003 жыл. 2-кітап.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есеп. Тұран археологиялық экспедициясының 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысында жүргізген зерттеулері (аралық). Түркістан, 2005. 192 б // К.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Археология ғылыми-зерттеу орталығының архиві. 2005 жыл. 4-кітап.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есеп. Тұран археологиялық экспедициясының 2005 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізген зерттеулері (аралық). – Түркістан, 2006 а. 107 б. // А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Археология ғылыми-зерттеу орталығының архиві. 6-кітап.

Елеуов М. Ескерткіштер жинағы. – Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 158 б.Елеуов М, М. Қасенов. 2001 жылғы Қарашық 1 қаласындағы қазба // Қазақстан Археология зеттеулері, Марғұлан оқулары - 14, ғылыми-практикалық конференцияның еңбектері. – Шымкент-Алматы 2002. – 120-122.

Елеуов М. Ортағасырлық Қарашық 1 қаласының цитаделіндегі кесік // Отан тарихы. – №4. – 2003, 7-12.

Елеуов М., Ақымбек Е.Ш. Ортағасырлық Қарашық кесенесі // А.Ясауи университетінің Хабаршысы. Қоғамдық ғылымдар сериясы. – №5. 2005. – 108-115.

Елеуов М. Ескрусіз қалған ескерткіштер. Түркістан: А.Яссауи атындағы ХҚТУ баспасы, 2005. 119 б.

Елеуов М. Түркістан оазисінен 2004-2005 жылдарда ашылған ортағасырлық елді мекендер мен қалалар//Тұран-Түркістан: тарихи-мәдени сабақстастық мәселелері// Ежелгі дәуір және ортағасырлар. Түркістан археологиялық экспедициясының 10 жылдығына арналған халықарлық ғылыми конференция материалдары. Алматы: ТОО Издательство «Экономика». 2006. С. 163-170.

Елеуов М. Шауғар-Қарашұқ-Қарашық. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 50 б.

Елеуов М. Көне кенттен табылған сәйгүлік // Егемен Қазақстан. – 28 тамыз, 2002 жыл.

Свод памятников истории культуры Казахстана. Южно-Казахстанская область. Том 1-Алма-Ата: Гл.ред. «Қазақ энциклопедиясы», 1994. – 368 с.

Туякбаев М. Динамика развития городов и поселений Туркестанского оазиса // Тұран-Түркістан: тарихи-мәдени сабақтастық мәселелері. Ежелгі дәуір және ортағасырлар. Түркістан археологиялық экспедициясының 10-жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция материалдары. – Түркістан, 23-24 қараша 2006. – 280-290.

Туякбаев М. Историческая топография иразвитые городов и поселений Туркестанского оазиса (XIII-XIXвв.). – Алматы: ТОО «Эффект», 2009. – 208 стр. приложение, илл.

Жүктелулер

Как цитировать

Eleuov , M., & Moldakhmet , A. (2023). Қарашық өңіріндегі ежелгі және ортағасырлық қалалардың зерттелу тарихы. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 111(4). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v111.i4.013

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология