БОПЫ СҰЛТАННЫҢ ЦИН ПАТШАЛЫҒЫНА ЖОЛДАҒАН ЕКІ ПАРША ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ХАТЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v112.i1.06
        114 66

Кілттік сөздер:

Қазақ хандығы, шығыс шекара өңірі, иелік еткен хан-сұлтандар, Цин патшалығы, архив құжаттары, қазақ хаттары, Бопы сұлтан, Тарбағатай ұлығына жазған хаттары, тарихи маңызы.

Аннотация

Жоңғарлар жойылғаннан кейін, Қазақ хандығы мен Цин патшалығы ресми саяси-экономикалық қарым-қатынас орнатты. Бұл жыл қазақ жазбаларында үнемі «сиыр жылы» деп аталады, григориан күнтізбесі бойынша 1757 жылы. Осыдан кейін екі жақ ара сауда-саттық ісі өркендей бастайды, алғашында Үрімжіде (1758) мал саудаласса, соңынан Іле (1761) мен Тарбағатайдан (1764) сауда жәрмеңкелері арт-артынан ашылып, әсіресе «жылқыға жібек» саудасының үздіксіз дамуына қолайлы шарт-жағдай жасалды. Мұндай сауда түрлері көбінесе Абылай, Әбілпейіз және олардың ұрпақтары иелік еткен қазақтың шығыс шекара өңірлерінде біршама тез дамыды. Осындай барыс-келістің жиілеуіне орай екі жақ ара жазысқан хат-қағаздардың саны да молая түсті. Автордың Қытай бірінші тарихи мұрағатында жасаған ғылыми-зерттеу нәтижелері көрсеткендей, онда 150-дің үстінде қазақша құжат сақталған, көбі қазақ хандары мен сұлтандары жазған хаттар. Осылардың арасынан Бопы сұлтанның Цин патшалығына жазған хаттарын да кездестіреміз. Бопы сұлтан қазақтың ұлы ханы Әбілмәмбеттің 2-ұлы Әбілпейізден тарайды. Өз заманында беделді сұлтандардың бірі болған. Мақаламызға арқау болғаны хаттар осы Бопы сұлтанның 1789 жылы Тарбағатайда іс басқарып тұрған Цин ұлығына жолдаған хаттары. Аталмыш хаттардың тілі жаттық, мазмұны ұғынықты, XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының қоғамдық тарихын, мәдениеті мен көне тіл-жазуын зерттеуде аса құнды тарихи дереккөз есептеледі.

Автордың биографиясы

Д. Әбділәшім, Л. Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

т.ғ.д., профессор, Қазақстан тарихы кафедрасы, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ. Е-mail: airu331@gmail.com

Жүктелулер

Как цитировать

Әбділәшім, Д. (2024). БОПЫ СҰЛТАННЫҢ ЦИН ПАТШАЛЫҒЫНА ЖОЛДАҒАН ЕКІ ПАРША ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ХАТЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 112(1), 72–82. https://doi.org/10.26577/JH.2024.v112.i1.06

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история