«КЕҢСЕ ЖҰМЫСЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ КОМИССИЯ» ЖӘНЕ «ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚ»
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.016Аннотация
Мақала бейресми түрде елдің басты газеті аталып кеткен, Қазақстан Республикасының нөмірі бірінші қазақтілді газеті – «Егемен Қазақстан» газетінің тарихы мен 1923-1926 жылдар аралығында, яғни, газеттің «Еңбекші қазақ» атауымен Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің негізгі баспасөз, әрі мемлекеттік саясат пен ұлттық мәселені халық назарына ұсыну құралы ретіндегі рөлін «Қазақ тілінде іс қағаздарын енгізу жөніндегі Орталық Комиссия» жұмысы мысалында зерттеуге арналады. Зерттеу аясы ретінде «Еңбекші қазақ» газетінің таңдалуының 3 негізгі себебі бар: 1) «Еңбекші қазақ»-тың кеңестік Қазақстандағы алғашқы қазақтілді ресми мемлекеттік газеті болуы; 2) Газеттің мақала аясындағы хронологиялық кезеңде (1923-1926 жж.) араб графикасына негізделген қазақ әліпбиінде шығуы (сонымен қатар бұл себеб құндылығы архивтік деректертерден кем түспейтін мерзімді басылым ақпараттарының графика ерекшелігінен зерттеушілер тарапынан аз қолданылатымен де байланысты); 3) «Қазақ тілінде іс қағаздарын енгізу жөніндегі Орталық Комиссия» жұмысы мысалында ХХ ғасырдың 20-30 жж. маңызды мемлекеттік істердің мерзімді басылым беттерінде жарық көруі мен уақыт өте тарихи-деректік әлеуетінің қалыптасуы бақылау. Газеттің тағы бір ерекше атап өтуге лайық тұсы – полемикалық рөлі. Түйін сөздер: «Еңбекші қазақ», ҚазОАК, қазақ тілі, іс-қағаздарды жүргізу, ұлттық мәселе, БАҚ.