Джӯджӣ хāн ұрпақтарының табы: «Мунтахабал-тавāрӣх-иМу‘ӣнӣ» шығармасынан алынған үзінділердің аудармасы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.06
        82 97

Аннотация

Мақалада Му‘ин ад-Дин Натанзидің 1414 жылы парсы тілінде жазылған «Мунтахаб алтавāрӣх-и Му‘ӣнӣ» (Му‘инидің таңдаулы шығармалары) атты шығармасының «Табаге-йи авлāд-и Джӯджӣ хāн» (Джӯджӣ хāн ұрпақтарының табы) тарауының толық мәтінінің аудармасы берілген. Мақаланың мақсаты – Алтын Орда тарихына қатысты түпнұсқа материалды ғылыми айналымға енгізу. Жоғарыда аталған тарау Жошы әулетінің тарихына қатысты маңызды дереккөз болып табылады, өйткені онда Шыңғыс хан әулеті ұлысының құрылымы мен басқаруреті туралы көптеген мәліметтер берілген. Муин ад-Дин Натанзи Жошы Ұлысын сипаттауда «мемлекет» (мамлакат) терминін қолданады. Шығарма авторы Кӯк Орда және Āк Орда хандарының билік құру тарихын баяндай отырып, ұлыстарда билеуші ханды ұсыну және тағайындауға қатысты қалыптасқан дәстүрге ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ, шығармада жекелеген тарихи оқиғалардың басқа Темір әулеті авторларының шығармаларында берілген нұсқаларымен салыстырғанда өзгеше сипатталғандығын атап көрсеткен жөн. Аударма жұмысы шығыс қолжазба дереккөздерін зерттеуде қолданылатын тарихи зерттеулердің деректану әдістері негізінде жүргізілді. Аударма жұмыстың екі басылымы негізінде қолжазбаның сыни мәтінін жариялау бойынша жүзеге асырылды. В.Г. Тизенгаузен жинағына маңызды әрі құнды бөліктері енбей қалған «Табаге-йи авлāд-и Джӯджӣ хāнн» тарауы аудармасының толық мәтіні алғаш рет ғылыми айналымға енгізілуде. Түйін сөздер: Алтын Орда, Му‘ин ад-Дин Натанзи, Мунтахаб ал-тавāрӣх-и Му‘ӣнӣ, Жошы хан ұлысы, Шыңғыс хан әулетінің тарихы.

Жүктелулер

Как цитировать

Тулибаева Ж. M. (2022). Джӯджӣ хāн ұрпақтарының табы: «Мунтахабал-тавāрӣх-иМу‘ӣнӣ» шығармасынан алынған үзінділердің аудармасы. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 105(№2), 58–70. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.06

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая