Орта ғасыр дәуіріндегі Батыс Қазақстанның қалалары мен отырықшы қоныстары (Ақтөбе Алтын Орда қалашығының тіршілік әрекеті мысалында)

Авторлар

  • Galiya Aitzhanovna Shotanova Институт истории и этнологии им.Ч.Валиханова
  • E. M. Uzhkenov Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.
  • A. S. Margulan Институт истории и этнологии им.Ч.Валиханова

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.13
        136 159

Аннотация

Андатпа. Бұл мақалада Алтын Орда кезеңіндегі Батыс Қазақстан аумағындағы көшпелі және отырықшы-егіншілік мәдениеттер арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелері қарастырылады. Ұзақ уақыт бойы қалалардың өмір сүруі ерекше құбылыс ретінде қарастырылды, онда басты примат отырықшы халық болды, ал көшпенділер белгілі бір тарихи фон ретінде әрекет етті. Сонымен қатар, жаңа деректер көшпелілер мәдениетінің негізі болғандығын, ал көшпелілер шаруашылығының өнімдері - қала өмірінің ең басты көзі болғандығын көрсетеді.

Отандық тарих ғылымы аясындағы Дала мен Қаланың өзара қарым-қатынасы тақырыбы салыстырмалы түрде аз зерттелгендіктен, сонымен бірге отандық және әлемдік ғалымдардың соңғы жетістіктерін ескере отырып, көшпелі және отырықшы мәдениеттер өзара қарым-қатынасының белгілі емес аспектілеріне ерекше назар аудару қажет. Көшпелі және отырықшы шаруашылықтардың өзара байланысын одан әрі зерттеу отандық медиевистика мәселелерін түсінудің іргетасы болып табылады, және де көшпенділер мен отырықшы тұрғындардың өзара қарым-қатынас жүйесін одан әрі қайта құру үшін негіз болады. Тарихты зерттеудің қазіргі деңгейі үшін, демек, отырықшы қоныстардың жұмыс істеуінің әртүрлі аспектілері үшін ортағасырлық тарихи шындықты қалпына келтіруге көмектесетін жаңа, соның ішінде пәнаралық әдістерді тарту қажет.

*Зерттеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыру жобасын (ЖТН AP0905860 «Алтынордалық Ақтөбе Лаэти қалашығын қалпына келтіру: деректанулық және тарихнамалық аспектілері») іске асыру аясында орындалды.

Жүктелулер

Как цитировать

Shotanova, G. A., Uzhkenov, E. M., & Margulan, A. S. (2021). Орта ғасыр дәуіріндегі Батыс Қазақстанның қалалары мен отырықшы қоныстары (Ақтөбе Алтын Орда қалашығының тіршілік әрекеті мысалында). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 103(4), 131–140. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.13

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая