ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАРАТАЛ-2 ҚОНЫСЫ ЖӘНЕ ДОҢҒАЛ КЕЗЕҢІ ЕСКЕРТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.12Аннотация
Мақалада қола дәуірінің Қаратал2 қонысының деректері сараланған. Қоныс Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында Беғазы ауылынан оңтүстікке қарай 1 шақырым жерде орналасқан. Қаратал2 қонысы 2004 жылғы далалық маусымда анықталып, сол жылы археологиялық зерттеулер атқарылды (экспедиция жетекшісі т.ғ.к. А. Бейсенов). Қоныс аумағында 13 тұрғын жай орындары тіркелген. Қоныстағы тұрғынжайлар дөңгелек, сопақша пішімде. Қоныстың орта тұсында бірбіріне жапсарласа орналасып «8» тәріздес пішімді құрайтын екі тұрғынжай бар. Соның оңтүстігіндегі тұрғынжай археологиялық қазба әдісі бойынша зерттелді. Жалпы аумағы 222 ш.м. қазба салынды. Қазба жұмыстары топырақ қабатын біртіндеп алу арқылы жүргізілді. Қазба жұмыстары барысында қыш ыдыс сынықтары, тас еңбек құралдары табылды. Табылған деректерді сараптау негізінде зерттелген тұрғынжай екі мәдени қабаттан тұратындығы анықталды. Төменгі мәдени қабат орта қола дәуірінің нұра кезеңіне жатса, жоғарғы мәдени қабат қола мен темір дәуірлері арасында өтпелі кезеңге, яғни доңғал кезеңімен сәйкеседі. Соңғы уақытта қордаланған деректер негізінде қоныстың мерзімдемесі жасалды. Археологиялық деректерді сараптау нәтижесі бойынша қоныс маңайында қосымша зерттеу жұмыстарын атқару керектігі айтылады. Әсіресе, қоныс жанында орналасқан обалардағы зерттеулер Сарыарқаның қола мен темір дәуірлері арасындағы өтпелі кезең бойынша маңызды деректер беруі ықтимал.
Түйін сөздер: Орталық Қазақстан, Сарыарқа, қола дәуірі, қоныс, қыш, доңғал.