ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАУЫНЫҢ ТАРИХИ АСПЕКТІЛЕРІ (ХХ Ғ. 30-ЖЫЛДАРЫ)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.11Аннотация
Мақалада ХХ ғ. 30 жылдарындағы Өзбекстандағы саяси қуғынсүргіннің себептері мен зардаптары және оның сол республика аумағындағы қазақтарға да тигізген салдары баяндалады. Мақсат КСРО аумағында жүргізілген Сталин саясатының зорлықзомбылығы Өзбекстанда қалай өтті, саяси қуғынсүргінге халықтың қандай бөлігі ұшырады, қазақтардың үлесі қандай деңгейде болғандығын айқындау. Мақалада тақырыптың зерттелу деңгейі, зерттеу әдістері қарастырылады. Өзбекстан халықтарының қуғынсүргінге ұшырауы зерттелгенмен, ондағы қазақтардың қуғынға ұшырауы жөнінде арнайы зерттелген еңбек жоқ. Зерттеу барысында тарихилық ұстанымды негізге ала отырып, деректер мен құжаттар сараланды. Автор Орталық Комитеттің КСРО аумағында саяси қуғынсүргінді жүзеге асырудағы тетіктері, «Үштіктің» құрылуы, олардың жазалау әдістері нақты деректермен айшықталады. Мақалада Өзбекстандағы қазақтардың 19371938 жж. саяси қуғынсүргінге ұшырауындағы себептерге де талдау жүргізуге тырысқан. Өзбекстандағы қазақтардың саяси қуғынсүргінге ұшырауын зерттеу барысында көз жеткізгеніміз, олардың байқұлақ болғандығы, орта шаруа бола отырып, кеңес өкіметіне қарсы насихат жүргізу, маңайына жат элементтерді топтастыра отырып, ұлт араздығын күшейту, басмашылармен байланыста болу, не колхоз шаруасына немқұрайлылық таныту, т.б.
Түйін сөздер: Өзбекстан, саяси қуғынсүргін, 19371938 жж., «үштік», Сталиндік жүйе,
Өзбекстандағы қазақтар, байқұлақтар.