Қазіргі Қазақстан және Т. Рысқұловтың түркілік рухы

Авторлар

  • Ерсинай Примбетова
        82 100

Аннотация

Мақаланың мақсаты Қазіргі Қазақстанға сипаттама беру арқылы Қазақстан мемлекетінің бүгінгі жағдайына отызыншы жылдары құрбан болған қазақ зиялыларының күресінің негіз болғандығын көрсету. Автор қазақ зиялыларының тоталитарлық жүйе жағдайындағы жүргізген саяси бағыты – азаттық үшін күрес екендігіне мән бере отырып, Т. Рысқұловтың түркілік идеяларына, «Тұтас Түркістан» құруды көздеген мақсаттарына байланысты шешімдерінің маңыздылығына тоқталады. Шығыс халықтарының XX ғ. басындағы саяси-әлеуметтік жағдайын жақсарту жолындағы атқарылған іс-шаралардың тиімділігінен нәтижесін ұйымдастырудағы Тұрар Рысқұловтың орнын айқындайды. Оның қайда, қай қызметті атқарғанына қарамай түркілік бағытты ұстанғанын, түркілік рухының өзгермегенін, оның ішінде сол түркі халықтарының белді өкілі өз қазағына қамқор болғанын тың мағлұматтарды пайдалану арқылы аша түскен. Т. Рысқұловтың партияның қуғын-сүргін саясаты тұсында тайсалмай, Орта Азиядағы республикаларды Түрік Республикасына біріктіру жөніндегі әрекеттерін, сонымен қатар өз халқының болашағы үшін атқарған еңбектерінің зор екендігі дәлелдене түседі.

Жүктелулер

Как цитировать

Примбетова, Е. (2017). Қазіргі Қазақстан және Т. Рысқұловтың түркілік рухы. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 85(2), 36–41. вилучено із https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/109

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества