Agitation and propaganda as an instrument to influence workers in defence enterprises during the war (1941-1945)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.02Abstract
Кеңес азаматтарының қорғаныс кәсіпорындарындағы еңбек тәртібін қалыптастыруда майдандардағы жағдайды көрсетуге және жұмысшылардың еңбек ынтасы мен тәртібін арттыруға бағытталған жаппай үгіт-насихат жұмыстары маңызды рөл атқарды.
Қазіргі таңда насихат пен үгіт кеңес қоғамының әлеуметтік тарихын қайта құру және түсіндіру құралы ретінде тыл тарихына арналған жаңа еңбектерде бірте-бірте көрініс таба бастады. Онымен қоса соғыс жылдарында табысты үгіт-насихат тәжірибесін жалпылауға көп көңіл бөлінсе, үгіт-насихат жұмыстарының тиімділігін және оның жұмысшылардың еңбек көрсеткіштеріне әсерін зерттеу тек қазір ғана тарихшыларға мүмкін болып отыр. Соңғы онжылдықтарда бұл мәселе бойынша шетел ғалымдарының негізінен ресейлік материалдарға жазған еңбектері шыға бастады. Дегенмен, соғыс жылдарындағы Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің еңбек ынтасына кеңестік үгіт-насихат пен үгіттің жұмылдыру механизмінің әсері ерекше назар аударған жоқ.
Осыған орай, бұл мақалада соғыс жылдарындағы Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің еңбек тәртібі мен кеңестік үгіт-насихат тәртібіне және үгіт-насихаттың жұмылдыру механизмінің ықпалын, жұмысшылардың ынталандыру дәрежесі мен үгіт-насихаттың қорытынды нәтижелеріне зерттеу жүргізілген.
Дереккөздердің негізі ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік мұрағаты, Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, Ресей Федерациясының Мемлекеттік мұрағаты қорларынан және т.б. алынған құжаттар көрсетілген.