A CULTURAL AND CHRONOLOGICAL FEATURES OF THE FUNERAL AND MEMORIAL MONUMENTS OF THE SAKS TO ZHETYSU ON THE EXAMPLE OF THE ORNEK BURIAL GROUND
Zhetysu, Ornek, Saka, funerary culture, ceramics, burial mound (kurgan), excavations, burial ground.
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2023.v108.i1.017Abstract
Бұл мақалада «Есік» музей-қорығының қызметкерлері «Есік қорымы және Жетісу сақтарының мәдениеті», «Сақ дәуірінен ХІІІ ғасырға дейінгі Рахат археологиялық кешенінің материалдары бойынша Жетісудың материалдық мәдениетінің семиозы» және «Шелек-Талғар қосөзені аралығының ерте көшпелілердің қорғандарының констуктивті ерекшеліктері» атты ғылыми қолданбалы зерттеу жобаларының аясында, сондай-ақ Сеул Ұлттық университеті тарихи зерттеулер Институтының, DONG-SEO Корея Республикасының мәдени құндылықтар Институтының, Тарихи мұралар институтының, Mahan мәдениеті ғылыми-зерттеулер орталығының және Daehan Корея Республикасы мәдени құндылықтар институтымен Өрнек орымындағы 2015-2022 жылдар аралығындағы ұзақ мерзімді бірлесе жүргізген зерттеулерінің нәтижелері сипатталған. Бұл зерттеудің басты құндылығы жерлеу ғұрпы мен табылған қабір ішілік заттардың толыққанды зерттелуінде болып табылады. Себебі соңғы уақытта, мұндай кешенді зерттеулер Жетісу аумағында өте сирек жүргізілген. Аталған уақыт мерзімінде 13 обада жүргізілген археологиялық ізденіс жұмыстары осы аумақтың ежелгі көшпенділерінің ғұрыптық-жерлеу мәдениетінің жергілікті ерекшелігін ашуға мүмкіндік берді. Біріншіден өзеннің малтатасынан қаланған тікбұрышты тасжәшік түріндегі қабірішілік құрылымның жобасы бұл аймақтағы сирек кездесетін құрлыс жүйесі. Қазіргі таңда мұндай қабір құрылымы Алматы қаласы аумағындағы Қырғауылды және Таугүл 2,3 обалы-қорымдарынан ғана табылған болатын. Екіншіден қазба барысында анықталған қыш ыдыстардың көптігі, жылқы мен қойды бөлшектеп қою немес бір мүшесін ғана құрбандыққа шалу ғұрпы (культі), сондай-ақ от культінің болуы Өрнек қорымының Жетісу аймағындағы ерте темір дәуіріне тиесілі басқа аймақтармен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар екенін айқын көрсетеді. Мақалада ескерткіштің осы аталған құрылымдық ерекшеліктеріне жеке-жеке тоқталап өтетін боламыз.