Отардағы Түркістан: қоныстану мәселелері жөніндегі қазіргі шетелдік тарихнама
DOI:
10.26577/JH.2020.v98.i3.09Аңдатпа
Түркістан аймағына кіретін мемлекеттер жеріне орыстарды қоныстандыру саясаты жөніндегі
қазіргі шетелдік тарихнамадағы негізгі өзекті саналатын мәселелердің бірі 1870-1900 жылдары
Ресейлік империя алып келген отаршылдық пен империяның сипатын талдау, сараптау болып
табылады. Бұл мәселе империя аясында жүріп жатқан ұлт-азаттық қозғалыстардың сипатын
және олардың алдына қойған мақсаттарын түсінуде шешуші рөл атқарады. Ресей империясын
мекендеген халықтардың болашағы да Түркістандағы орыс отарлауының нәтижесіне байланысты
болды. Метрополия «өркениетті отарлау» жобасын жүзеге асыра ала ма және оны қаншалықты
жүзеге асыру мүмкін болды? Бұл сұрақтарға жауап Ресейдің жалғыз отары аумағындағы әкімшілік
және орыс капиталы жетістіктермен анықталды. Бұл мақалада автор империялық Ресейдің
Түркістанды отарлауымен байланысты мәселемен белсенді айналысатын ағылшын тарихшысы
А. Моррисонның тарихнамалық еңбектерін талдауды міндет етіп қойды. Зерттеуші метрополия мен
отаршылдықтың арақатынасы мәселелерін қарастыра отырып, Түркістан генерал-губернаторлығы
құрамына енген мемлекеттердегі отарлық қайта құрылулар сипатының іргелі мәселелеріне және
басқа халқы өмір сүрген империяның мұсылман аймақтарынан айырмашылығына тоқталды.








