Қазақстандағы музей қоғамдастығы: тарихы мен бүгіні
Аңдатпа
Мақалада Қазақстандағы кәсіби музей қоғамдастығының даму мәселесі мен атқарар қызметі қарастырылған. Мұрағат деректерінің нәтижесінде «ИКОМ Қазақстан» ұлттық комитетінің қазіргі уақыттағы құрылу тәжірибесі мен қызметі сарапталады. Музейлік жобаларды іске асырудың көп жылғы тәжірибесі арқылы Қазақстандағы ғана емес, күллі Орталық Азия аумағындағы Дешт-и-Арт заманауи мәдениет орталығының қызметі сандар арқылы көрсетілген. Республикадағы облыстық музейлердің фестивальдік белсенділігі сипатталып жазылған. Шығыс Қазақстан табиғи-ланшавті және областық сәулет-этнографиялық қорық-музейі мен «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің тәжірибесі сарапқа салынған. Келтірілген мысалдарды қоғамға музейлерді насихаттау ісіндегі серіктестік жобалардың артықшылығы жөніндегі тезис одан әрі жандандыра түседі. Музейлік кәсіби қоғамдастықты дамытудың үш бірдей бағыты бойынша жасалынған сараптама негізінде мемлекет пен Қоғамдық ұйымдардың (қорлардың) күшін біріктіру анағұрлым нәтижелі әсер беретіні айтылады.








