Көшпелі халықтардың этникалық территориясының қалыптасу ерекшеліктері, қазақтардың мысалында (тарихнамалық талдау)

Авторлар

  • A. Koptileuova Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

10.26577/JH-2019-1-427

Аңдатпа

Мақала «Қазақ халқының этникалық территориясының қалыптасу тарихы (XV ғасыр-
XVIII ғасырдың басы)» атты диссертациялық жұмыстың кейбір теориялық-методологиялық
мәселелерін зерттеудің нәтижесі болып табылады. Бұл қазақ халқының тарихының негізгі және
өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, мақаланы жазудағы біздің басты
міндетіміз, көшпелі халықтарда этникалық территорияның қалыптасуының негізгі факторларын
анықтау, себебі, көшпенділік қазақ халқының жер иеліктерінің қалыптасуының негізгі
феномені болып табылады. Осыған байланысты, автор «этникалық территория», «шаруашылық-
мәдени тип», «ландшафт» сияқты ұғымдарды талдап, нәтижесінде ғалымдардың еңбектерінде
мәселенің зерттелуі сарапталды. Зерттеу барысында географиялық орналасу, табиғи-климаттық
ерекшеліктер, ру-тайпалық құрылым, өндіріс тәсілі сияқты ұғымдардың көшпелілердің
этникалық территориясының қалыптасуына тигізетін әсері анықталды. Нәтижесінде көшпелі
қазақ халқының этникалық территориясының қалыптасуының заңдылықтары мен тәртіптері
туралы шешім шығарылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-03-18

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы