Әзірбайжанның эмигрант баспасөзіндегі «кавказ үйі» парадигмасы

Авторлар

  • N. Mustafayeva Әзірбайжан тілдер университеті, Низами Гянджеви атындағы әдебиет институты

DOI:

10.26577/JH-2019-1-424

Аңдатпа

«Ени Кавкасия» эмигранттық басылымының басты идеясы болып «Кавказ Үйі» саналады. Бұның басты себебі кавказ халқының отарлаушылыққа қарсы тартыста бірдей мақсат пен мүдде ұстануы болып табылады. Осылайша кавказ халықтары өз отанында және эмиграцияда ұлттық мемлекет құру жолында тартысы күресін жалғастырды. «Ени Кавкасия» Кавказ халқының  ұлттық күрес жолындағы мүдделерін біріктіретін идеялардың даму үдерісін дайындады.
Газеттің барлық нөмірлерінде Әзірбайжан, Грузия, Дағыстан, Әжария және т. б. елдерде және
эмиграцияда ұлттардың тартысы қалай өтетіні туралы мақалалар жазылған. Алайда мақала
авторлары ұлттардың бірін-бірі қолдауы арқылы, олардың болашақ тәуелсіздігін қамтамасыз
ететінін жақсы түсінген. Сондықтан, «Кавказ Үйі» журналының парадигмасы қоғамдық-саяси
және көркем әдеби көзқарас тұрғысынан талқыланып, үнемі басты назарда болып, осылайша
халықтардың бірлігі арқасында қайта тәуелсіздікке жететініне сенімде болды.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-03-18

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы