Қазақстан халқы ассамблеясының қызметі, заманауи оқулықтар мен жастар тәрбиесіндегі еліміздің тарихы
DOI:
10.26577/JH-2019-1-415Аңдатпа
Мақала жастар үшін бірегей үлгі болатын, әрі мектеп және жоғары оқу орындарында білім берудегі Қазақстан халқы Ассамблеясына институттың бірегей тәжірибесіне арналған. Қазақстан жерін мекен етіп, бірлесіп өмір сүру мен халықтардың өзара байланысы аясындағы осы институттың тәжірибесі ерекше назар аударады. Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесі полиэтникалық мемлекеттегі бірлік пен келісімді нығайта отырып, қазақстандық полиэтникалық қоғамның қалыптасуына жағдай жасайды. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесі мен азаматтық ұстанымдарының қалыптасуының қайнар көзі болып табылады.








