Осман империясы мен Франция арасында қаржы саласындағы интеграциялық процестер (ХІХ ғасырдың екінші жартысы)
DOI:
10.26577/JH-2019-1-412Аңдатпа
ХІХ ғасырда әлемдік империялардың күш-қуатын айқындайтын басты көрсеткіштердің бірі ол – экономикалық саланың дамуы болып, әр империя өз экономикасын дамыту перспективасын жасады. Ол үшін ендігі кезекте сыртқы сауданы күшейту, өндірісті өркендету, банк және қаржы-несие салаларын дамыту басшылыққа алынды, өйткені, бұрынғыдай отарлар іздеп, әлсіз халықтардан салық жинау аса маңызды болмай қалды. Сонымен қоса, әлемдік империялар бір-бірімен экономикалық салада жақындаса түсті және оның әр түрлі бағыттары бойынша тығыз байланыстар орнатты. ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономиканың басты бағыттарының бірі саналған қаржы саласындағы байланыстар халықаралық экономикада аса маңызды орын иеленді. Осындай қаржы саласындағы байланыстар еуропалық экономиканың үлкен бөлігін уысында ұстаған Франция мен Осман империясының арасында да орнатылды. Ұсынылып отырған ғылыми мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысында Осман империясы мен Франция арасында қаржы саласындағы орнатылған ынтымақтастық тарихы қарастырылады. Екі империя арасындағы қаржы саласындағы интеграция мен оның даму үдерісі және бағыттарына ғылыми талдау жасалады. Сондай-ақ, кредит саласында өзара жүзеге асырған экономикалық жобалары және оның барысы мен нәтижелерін зерттеу мақаланың басты
міндеттерінің бірі саналады.








