ЗАМАНАУИ ШЕТЕЛДІК ТАРИХНАМАДАҒЫ ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH2004091126

Түйін сөздер:

толық емес отбасы, қоғам, әлеуметтік институт, ажырасу, жесір әйелдер, жесір ерлер.

Аңдатпа

Көрсетілген мақала бүгінгі уақыттағы шетелдік тарихнамадағы толық емес отбасыларға қатысты көрініс тапқан ең маңызды мәселелерді талдайды. Толық емес отбасылар батыстық тарихнамада маңызды орынға ие, өйткені ол соңғы жылдардағы жаһандағы әлеуметтік өзгерістердің көрінісі. Осыған орай қазіргі уақытта толық емес жанұяны біз – бүгінгі қоғам жағдайында өзгеріске ұшыраған әлеуметтік құрылым ретінде көреміз. Мұндай отбасылардың қалыптасу себептерін қарастыру – зерттеуіміздің мақсаты.  Сондай-ақ олардың әлеуметтік орны мен бейімделуін қарастыратын авторлардың көзқарастарын талдау да осы мақсатқа кіреді. Мақала мазмұнын бірнеше бағыт бойынша құрылымдау арқылы қойылған мақсатқа жетуге тырыстық. Ол үшін тағы толық емес отбасылардың санын арттыратын адамдардың ішкі көңіл-күйінің әсері мен әлеуметтік бейімделу мәселелері де бар. Қолдағы бар жұмыстарды талдау кезінде қазіргі жарияланымдарда зерттеушілердің пікірлерінде өзгешеліктер бар екендігін көрдік. Негізгі себептерді әлеуметтік-экономикалық мәселелерден іздейтін бірнеше авторлар бар.  Басқалары болса жеке даралыққа ұмтылысты алдыңғы қатарға қояды. Осыған сәйкес, аталған бағыттар мен оларға байланысты мәселелер жүйелі салыстырмалы талдау және ғылыми дискурс әдістері арқылы қарастырылды. Жалпы алғанда, бұл мәселелерді одан әрі терең зерттеу аталған саладағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге ықпал етуі мүмкін.

Жарияланды

2026-11-20

Журналдың саны

Бөлім

3-бөлім Aрхеология және этнология