ТАТАР МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ БЕТТЕРІНДЕГІ МҰСЫЛМАН БІЛІМІНІҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ПІКІРТАЛАСТАР (1905–1916)
DOI:
10.26577/JH212120265Кілт сөздер:
татар мерзімді баспасөзі, «Қояш» газеті, медресе, шәкірттер, жәдидшілік, оқытудың жаңа әдісі, «мектеп мәселесі».Аңдатпа
Бұл мақалада ХХ ғасырдың басындағы мектептер мен медреселерді реформалау үдерісінің барысы туралы татар газеттерінің беттерінде ұсынылған мәселелер қарастырылады. Татар жұртшылығы үшін жәдидтік реформалар аясында медреселерді исламның ұлттық рухы мен қорғаны ретінде сақтау мәселесі маңызды болды. Жаңа әдістемедегі мектептерге мемлекеттік бақылаудың күшеюі барысында «мектеп мәселесі» туындайды, бұл мәселені шешудің құралы мерзімді баспасөз болды, газет беттерінде пікірталастар мен талқылаулар жүргізіліп, үкіметтік мекемелерге үндеу жасалып, халықты осы мәселені қолдауға шақырды.
Н.Ф.Катановтың негізінен татарлардың «Қояш» газетінен жинақтаған бірегей мақалалар жинағы бізге мұсылман мектептерін реформалау мәселелеріне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді, оның салдары медресенің орнын жоғалту немесе оны сақтап қалу төңірегіндегі күрес болды. Осы материал негізінде билік тарапынан реформадан кейінгі кезеңдегі мұсылман оқу орындарының жай-күйін, олардың төңірегіндегі қалыптасқан жағдайды зерттеу және патша үкіметінің қатаң бақылауы жағдайында татар жұртшылығы тарапынан оны жаңғырту мен сақтаудың икемді механизмін қалыптастыру мақсаты туындады.
Осы мақаланы жазу барысында тарихшылдық (историзм) қағидатына негізделген тарихи үдерістерді талдау әдістері қолданылды. Татар мерзімді баспасөзінің қалыптасу процесін зерттегенде және талқылаудың бағытын анықтау барысында салыстыру әдісі қолданылды.
Қорытындылай келе, «мектеп мәселесі» тек медресенің болашақ тағдырын шешу дегенді ғана білдірмейді деген тұжырымға келдік. Онда Ресей империясының түркі-мұсылман халқының ұлттық оянуға деген ұмтылысы білдірілді.








