1920–1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ: ӨҢІРЛІК АСПЕКТ ЖӘНЕ КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH2004021126

Түйін сөздер:

жергіліктендіру, кәсіптік-техникалық білім беру, әлеуметтік трансформация, жұмысшы табы, индустрияландыру, ФЗУ мектептері, кадрлық қамтамасыз ету, Қазақстанды модернизациялау, өңірлік өзара іс-қимыл.

Аңдатпа

Бұл мақалада 1920–1930 жылдардағы Қазақстандағы кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің қалыптасуына кешенді талдау жасалады. Зерттеу жұмысшы табы мен қызметшілердің жаңа санатын қалыптастыру процесіндегі оқу орындарының (ФЗУ мектептері, кәсіптік-техникалық мектептер және курстық желілер) рөлін зерделеуге бағытталған. Әдіснама проблемалық-хронологиялық тәсілге және ҚР ПА, АО МА және СО МА (РФ) қорларынан жаңадан анықталған архивтік құжаттарды зерттеуге негізделген. Жұмыста тарихи әдістері мен ведомстволық құжаттаманы салыстырмалы-статистикалық талдау әдістері қолданылды. Жұмыс нәтижелері индустриялық сектордың бірқатар салаларында мамандар даярлауға бағытталған республика аумағындағы білім беру саласының ерекшеліктерін сипаттайды. Кадрларды даярлау мәселесінде Қазақстан тумалары білім алған Поволжье аймақтарының рөліне ерекше назар аударылады. Жаңадан табылған архивтік материалдар негізінде оқу процесінің егжей-тегжейлері, мектептерді техникалық қамтамасыз ету және оқушылардың күнделікті қиындықтары қалпына келтірілді. Жұмыста сол кезеңдегі жүйелі сын-қатерлер: педагогикалық кадрлардың тапшылығы, инфрақұрылымдық дағдарыс және ауыл жастарының индустриялық өндіріс жағдайларына бейімделу мәселелері талданады.

Зерттеу нәтижелері XX ғасырдың бірінші жартысындағы кәсіптік даярлық сапасы мен ұлттық кадрларды өнеркәсіп секторына интеграциялау механизмдері туралы ғылыми түсініктерді толықтыруға мүмкіндік береді. Жұмыс XX ғасырдың бірінші жартысындағы әлеуметтік тарих және білім беру саласындағы зерттеушілер үшін қызығушылық тудырады

Жарияланды

2026-11-20

Журналдың саны

Бөлім

1-бөлім Отан тарихы