ҚАЗІРГІ БАТЫС ТАРИХНАМАСЫНДАҒЫ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛІ
DOI:
10.26577/JH212120266Кілт сөздер:
мұсылман әйелдері, Ресей империясы, тарихнама, әйелдердің агенттігі, жәдидшілдік, құқытық мәртебе, шариғат, гендерлік тарих.Аңдатпа
Бұл мақала Ресей империясындағы мұсылман әйелінің рөлін қайта қарастыратын заманауи шетелдік зерттеулерге арналған тарихнамалық талдауды ұсынады. Мақаланың мақсаты мұсылман әйелінің бейнесі мен рөлін қайта қарастыратын заманауи шетелдік зерттеулерді тарихнамалық талдаудан өткізу болып табылады. Зерттеудін әдіснамалық негізін соңғы отыз жылда жарияланған, постколониялық теория, гендерлік және интеллектуалды тарих аясында жазылған шетелдік монографиялар мен мақалаларға сыни талдау құрайды. Тарихнамалық талдау мұсылман әйелдерін пассивті нысан ретінде бейнелеген түсініктерді сынауға, олардың діни және құқықтық салалардағы белсенді әрекеттерін (агенттілігін) зерттеуге, сондай-ақ империялық құқық пен шариғат нормаларының өзара әрекеттесуін талдауға бағытталған. Мақаланың ғылыми жаңалығы осы жетістіктерге жан-жақты шолу жасаймен шектелмей, сонымен қатар оларды Г.Спивак әдіснамасының призмасы арқылы сыни рефлексияға ұшыратып дереккөз базасының аймақтық және мүліктік шектеулілігін, сондай-ақ жаңа, академиялық репрезентацияның қауіпін анықтау болып табылады. Зерттеу нәтижесі ретінде заманауи батыс тарихнамасының мұсылман әйелін тарихтың белсенді субъектісі ретінде қалай репрезентациялағанына кешенді баға беру, сондай-ақ осы бағыт алдында тұрған әдіснамалық сындарды анықтау жасалды. Берілген мақала жаңа әдіснамалардың (постколониалдық, гендерлік) бірігуіне және отандық тарихи ғылым әдіснамасын байытуға ықпал етеді.








