Тарихтағы Шығыс пен Батыстың интеграциясы
DOI:
10.26577/JH-2018-2-211Аңдатпа
Бұл мақалада Шығыс пен Батыстың өзара байланыстарының өзекті мәселелері тарихи ракурсте қарастырылады. Авторлар Шығыс пен Батыстың арасындағы қарым-қатынастарға ықпал еткен маңызды оқиғаларды зерттейді. Әсіресе ғұндардың рөлі түркі әлемі ауқымында әлемдік тарихтың бөлігі ретінде талдануына ерекше мән беріледі.
IV-VII ғасырлардағы Ұлы қоныс аудару әлем тарихындағы маңызды оқиға болды, әсіресе нақты ғұн тайпалары одағының Орталық Азиядан Еуропаға жылжуы оған негііз болды. Батыстағы Ғұн империясы Аттиланың басқаруымен кең көлемді аумаққа және ерекше беделге ие болды. Аттила ұлы істерді атқарған мемлекеттік қайраткер, көреген билеуші, шебер дипломат және әділетті қазы еді. Ол шын мәнісінде І-ші мыңжылдықтың көрнекті тұлғасы деп есептеуге болады. Бұл мақалада Аттиланың тұлғалық бейнесі мен жорықтарын талдауға ұмтылыс жасалынған.
Авторлардың негізгі назарында Ғұн империясы мен Батыс Рим империясы, Аттила тұсындағы
Италиямен өзара қарым-қатынастары болды.
Зерттеудегі негізгі әдістер мен әдебиетті пайдалануда латын, грек, епретгерман менскандинав
тілдеріндегі жазбаша деректер басшылыққа алынған. Әсіресе археология, этнология, тарихи
лингвистика мен қазіргі пәнаралық зерттеулер көп пайдаланылған.








