Правила для авторов

Авторларға арналған қағидалар

«ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы» журналында материалдарды жариялау онлайн өтінім беру және рецензиялау жүйесі — Open Journal System (OJS) арқылы жүзеге асырылады.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар (мақаланы рәсімдеу үшін ҮЛГІНІ пайдаланыңыз): «Редакция – автор – рецензенттер» байланысы OJS жүйесі арқылы, ал ерекше жағдайларда электрондық пошта арқылы жүргізіледі.

Ұсыну мерзімдері және көлемі

  • Ұсынылатын мерзім: алдағы нөмірдің жоспарланған шығу күніне дейін кемінде 2 ай бұрын.

  • Негізгі мәтіннің ұсынылатын көлемі (мақала атауын, авторлар туралы мәліметтерді, аңдатпаны, түйін сөздерді және әдебиеттер тізімін есептемегенде): 5 000–7 000 сөз.

  • Бір автордың мақаласы (жеке немесе бірлескен авторлықта) бір күнтізбелік жыл ішінде бір реттен көп емес жариялануы мүмкін.

Файл форматтары және рәсімдеу талаптары

Файл форматтары:

  • Рұқсат етілген форматтар: .doc / .docx / .rtf.

  • ХҒТЖХ (МРНТИ) коды: бірінші беттің жоғарғы оң жақ бөлігінде автор ХҒТЖХ кодын көрсетуі тиіс. Рубрикатор онлайн режимде қолжетімді: http://grnti.ru/. Қажет болған жағдайда ХҒТЖХ кодын кітапханадан нақтылауға болады.

Рәсімдеудің техникалық параметрлері:

  • Қаріп (Шрифт): Times New Roman;

  • Кегль: 12 (аңдатпа, түйін сөздер, әдебиеттер — 10; кестелердегі мәтін — 9–11);

  • Туралау: ені бойынша;

  • Жол аралық интервал: бір еселік (одинарный);

  • Азат жол (шегініс): 0,8 см;

  • Жиектер (Поля): үсті/асты – 2 см; солы/оңы – 2 см;

  • Иллюстрациялар мен кестелер: мәтін ішінде нөмірленіп, атауларымен орналастырылады (Мысалы: Рисунок 1 – … / Figure 1 – …; Таблица 1 – … / Table 1 – …). Басқа дереккөздерден алынған материалдарға міндетті түрде сілтеме жасалып, авторлық құқықтар сақталуы тиіс.

Мақаланың ұсынылатын құрылымы

Келесі құрылымды сақтау ұсынылады:

  • кіріспе (өзектілігі, мәселенің қойылуы, мақсаты/міндеттері);

  • әдебиеттерге шолу;

  • әдіснама / материалдар мен әдістер;

  • нәтижелер және талқылау;

  • қорытынды;

  • декларациялар/мәлімдемелер (қолданылуына қарай);

  • әдебиеттер / references.

Декларациялар мен мәлімдемелер (қолданылуына қарай)

Қолжазбаға (әдетте әдебиеттер тізімінің алдында) келесі бөлімдерді енгізу ұсынылады:

  • мүдделер қақтығысы (бар/жоқ);

  • қаржыландыру (қаржыландыру көзі немесе оның жоқтығы туралы нұсқау);

  • этикалық мақұлдау/келісім – егер зерттеуге адамдар қатысса / дербес деректер пайдаланылса (сауалнамалар, сұхбаттар және т.б.);

  • Data Availability (Мәліметтердің қолжетімділігі) – егер мәліметтер/мұрағаттар/корпустар/код пайдаланылса: қолжетімділік қалай қамтамасыз етілгені немесе қолжетімділіктің шектелу себебі.

Сілтемелер және әдебиеттер тізімі (APA 7th edition)

Библиографиялық сілтемелер мен әдебиеттер тізімін рәсімдеу APA (7th edition) стандартына сәйкес орындалады. Библиография бөлімінің атауы негізгі мәтіннің тіліне байланысты рәсімделеді:

  • «Әдебиеттер» (қазақ тілінде),

  • «Литература» (орыс тілінде),

  • «References» (ағылшын тілінде).

Қазақ және орыс тілдеріндегі мақалалар үшін қосымша міндетті түрде: ағылшын тіліндегі «References» бөлімі беріледі, онда библиографиялық мәліметтер латын графикасымен (транслитерация) көрсетіледі және қажет болған жағдайда атауының аудармасы тік жақшаның ішінде жазылады.

Негізгі мәтіні ағылшын тіліндегі мақалалар үшін қазақ/орыс тілдерінде қосымша транслитерация жасау және библиографияны рәсімдеу талап етілмейді.

Плайгиатқа (көшіруге) тексеру

Барлық қолжазбалар плагиатқа тексеріледі. Тексеру нәтижесі бойынша дұрыс дәйексөз келтірілген және түпнұсқалық (оригинальность) көрсеткіші 80%-дан жоғары болған жағдайда ғана қолжазбалар рецензиялауға жіберіледі.

Рецензиялау және шешімдер

Журнал екіжақты жасырын рецензиялауды (double-blind peer review) қолданады. Әрбір қолжазба кем дегенде екі тәуелсіз рецензентке жіберіледі. Ықтимал шешімдер: қабылдау; өңдеуден кейін қабылдау; қайта рецензиялауға жіберу; қабылдамау (бас тарту).

Жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдалану

  • ЖИ құралдарын авторлардың міндетті түрде тексеруімен көмекші құрал ретінде пайдалануға жол беріледі (тілдік түзету, аударма, рәсімдеу, библиографияны дайындау, деректерді техникалық өңдеу). ЖИ пайдалану фактісі ілеспе хатта көрсетілуі тиіс.

  • Деректерді бұрмалау/жалған жасау, жалған дереккөздер/сілтемелер жасау және адастыратын иллюстрациялармен/деректермен манипуляция жасау үшін генеративті ЖИ-ді пайдалануға жол берілмейді.

DOI

Әрбір жарияланған мақалаға DOI беріледі (Crossref арқылы тіркеледі).

Жарияланымдық жарна

Жарияланымдық жарна бір мақала үшін 60 000 теңгені құрайды және қолжазба қабылданғаннан кейін алынады. Төлем редакцияның шешіміне әсер етпейді және рецензиялау рәсімін алмастырмайды. Төлемді растау (PDF немесе JPEG форматындағы түбіртек) редакцияның электрондық поштасына жіберіледі.

Деректемелер (Реквизиттер): «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Индекс: 050040 Мекенжайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71 БСН (БИН): 990140001154 КБЕ: 16 «First Heartland Jýsan Bank» АҚ ЖСК (ИИК): KZ19998CTB0000567141 – теңге ЖСК (ИИК): KZ40998CTB0000567151 – USD БАНК КӨДІ (БИК): TSESKZKA