Ахмет Байтұрсынұлы әулетінің қыстауы Мәшен атауын сақтап қала ала ма?

Авторлар

DOI:

10.26577/JH.2020.v98.i3.15

Аңдатпа

2019 жылы далалық маусымдық кезеңде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының
Торғай отряды Ахмет Байтұрсынұлы әулетінің Мәшен қыстауына зерттеу жұмыстарын
жүргізді. Аталмыш өлке алғаш рет 2016 жылы археолог А.З. Бейсеновтің жетекшілігімен
зерттеле бастады. Ескерткіш Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Ұлыжыланшық өзенінің
бойында орналасқан. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде құрылыс қабырғасының қиранды
орындары, өмір салтынан хабар беретін қалдықтар анықталды. Бұған – шаруашылық және
тұрғын-жайдың қирандылары, сонымен қатар жерлеу салтының орындары дәлел бола алады.
Ескерткішті жан-жақты зерттеу барысында мән беретін мәселенің бірі – ескерткіштің бірнеше
тақтасында Мәшен атауының болмауы. Мақалада аталмыш тарихи нысанды музеефикациялау
мәселесі көтеріледі. Қазіргі уақытта отандық ғылымда жаңа уақыт ескерткіштерін зерттеудің
оң үрдісі байқалып келеді. Қазақтың қыстауларын жүйелі түрде зерттеу, археологиялық
тұрғыдан зерттеу үлкен маңызға ие, сонымен бірге, даланың шаруашылығының дамуы,
қоныстану, қоршаған ортаға бейімделу мәселелерін шешуде өз септігін тигізеді. «Мәшен»
кешенін музейлендіру мәселесін жүзеге асыру қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады.
Музейді ұйымдастыруда тек ғылым, мәдениет, сәулет салаларына жауапты бөлімдер ғана
емес, сонымен қатар жолдар, әуе бағыттары, көпірлер салу және телекоммуникациялар
ұйымдастырылуы тиіс.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-15

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы