Оңтүстік Қазақстан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі

Авторлар

  • Гульнар Козгамбаева

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жыл толуына орай Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында ашылған саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі және оның бүгінгі тыныс тіршілігі  қарастырылған.Саяси қуғын-сүргін құр­бандарына арналған музей экспозициясының  ерекшелігіне түсінік беріліген. Музейдің сыртқы келбетінің ерекшелігіне және ондағы залдарға қойылған экспонаттарға талдау жасалған. Музей ортасына қойылған «Репрессия» скульптрлық композициясының ерекшелігі қарастырылған. Экспозиция залында саяси қуғын сүргінге ұшыраған қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси күрескер, патриот, ғалым, киелі өнер иесі болған тарихи тұлғалардың  портреттер галереясымен танысуға болады. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап ашылған музей қазақ даласында әділеттікті қалпына келтірудегі және өткен ғасырдың саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте  қалдырудағы  дәлелі болып табылады.

Жарияланды

2017-10-14

Журналдың саны

Бөлім

4-бөлім Музей ісі және ескерткіштерді қорғау