1920-шы жылдардың басындағы мұсылман-әйелдер арасындағы жұмыс туралы Орынбор әлеуметтік-саяси тарих мұрағатының құжаттары
DOI:
10.26577/JH.2020.v98.i3.14Аңдатпа
Мақалада Орынбор мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихы мұрағатының 1920 жылдардағы
қазақ әйелдерінің арасында большевиктердің олардың жаңа кеңестік өмірмен таныстыру,
ескірген дәстүрлі салт-дәстүрлер мен қалың мал, полигамиялық, әмеңгерлік дәстүрлерін жою
жөніндегі жұмыстары талданады. Сондай-ақ, 2019 жылы «Архив-2025» мемлекеттік бағдарлама
барысында іссапар кезінде, осы мұрағат қорынан анықталғаны. Көшірмесі алынған құжаттардың
мазмұны мен маңыздылығы талданады. Құжаттар большевиктер үшін гендерлік теңдік, Шығыс
әйелдерінің теңсіздігі, оларды отбасылық құлдықтан босату және коммунизм құрылысы үшін
қоғамдық қызметті жандандыру мәселелерінің маңыздылығын ашты. Орынбор мемлекеттік
әлеуметтік-саяси тарихы мұрағатының құжаттарында қазақ әйелдері арасында газет пен
үгіттеу парақшаларын тарату, ликбез мектептерінде, рабфакта оқыту, комсомолға, партияға
кіруді ынталандыру және т.б. сияқты насихат жұмыстарының әдістеріне баса назар аударылды.
Алайда, осы мұрағаттық құжаттар қазақ тілін меңгерген, жергілікті жерлердегі партиялық
шағын ұжымдардың жұмысында қаржылық қордың, кадрлық әлеуеттің жетіспеушілігі туралы
куәландырады, бұл жұмысты тежеді. Сондықтан қазақ әйелдерін, әсіресе ауылдық жерлерде
тұратын әйелдерді босату процесі ұзақ жылдар бойы созылып, кеңестік билік пен колхоз
құрылысының нығаюына қарай эволюциялық сипатта болды.








