Қазақ туыстық жүйесі терминдерінің компоненттік анализі және оның типологиялық мәселелері

Авторлар

DOI:

10.26577/JH.2020.v98.i3.12

Аңдатпа

Зерттеу жұмысында қазақ туыстық жүйесі мәселесіне қатысты, бұрын терең зерттелмеген
өзекті проблемалар көтеріледі. Бұл проблемалық зерттеу және тақырыпқа қатысты ізденістің
жаңа жолдары қарастырылған. Зерттеу жұмысының мақсаты – дәстүрлі қазақ қоғамының
құрылымын тануға себін тигізетін қазақ туыстық жүйесінің классификациясы мен типологиясына
қатысты маңызды проблемаларды көрсету болып табылады. Тарихи даму барысында туыстық
жүйе қоғамдағы болатын өзгерістерге тез беріле қоймай, өзінің тұрақтылығын танытады.
Сондықтан, бұл саладағы зерттеу қоғамның өткені жөнінде көп ақпарат беретін болады. Туыстық
жүйенің ішкі заңдылықтарын танып, оның өмір сүру ерекшеліктерін жүйелеуге мүмкіндік
беретін, өзгеше тұстарын көрсететін және туыстық қатынастардың жалпы картинасындағы
«эгоның» орнын анықтайтын компоненттік анализ әдісі қолданылады. Қазақ туыстық жүйесінің
типологиясы мәселесі көтеріліп, оның ХХ ғасырдың басында А. Крёбер, Р. Лоуи және У. Риверс
жасаған туыстық жүйе терминологиясының төртбөлікті типологиясындағы орнын анықтау
мәселесі қарастырылған. Зерттеу барысында қолданылған әдістер қазақ туыстық жүйесін
жаңа қырынан танып, өзекті мәселелерді шешудің жаңа деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижесінде біз қазақ халқының туыстық антропологиясындағы білімімізді кеңейтетін
міндеттер қойдық.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-15

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы