Қазақстан Республикасы Ұлттық Музейінің алтын залындағы нұр және экспозиция

Авторлар

DOI:

10.26577/JH.2020.v98.i3.10

Аңдатпа

Мақалада «Үржарлық абыз әйел және қайта жаңғырған қазыналар: консервация және
қалпына келтіру жұмыстарының қорытындысы» көрмесіне дайындық барысындағы Алтын
музейінің үстіңгі залындағы экспозициямен жұмыс нәтижелері баяндалған. Мақалада музейдің
танымдық қызметін іске асырудағы экспозицияны қабылдау мәні талданады. Жұмыстың
мақсаты – музейде бар экспонаттарды неғұрлым ақпаратты, толық, келушілерге қызықты,
мәнді болатындай, демек, есте қаларлықтай әдіспен ұсынуға көмектесетін жолдарды анықтау.
Жұмыстың мәні – көрерменге экспозицияны тәжірибе арқылы тексерілген әдістермен, сондай-
ақ жарық сәйкестігі, құрылымы, кеңістіктің дизайны және олардың ақпаратты есте сақтауға
әсерін анықтау. Зерттеудің әдіснамасы экспозицияның көрмеге қойылғанға дейінгі және
кейінгі алғашқы қасиеттерін тауып, оларды дерексіздендіру, келушілерді бақылап, олардың
іс-әрекетіне талдау жасау, жарық дәрежесі мен зал кеңістігінің құрылымын сапалы салыстыру
болып саналады. Жасалған жұмыстардың нәтижесі реэкспозицияға дейінгі және кейінгі залдың
фото түсірілімі мен келушілерге жүргізілетін сұрақ-жауап арқылы анықталады. Іс-тәжірибелік
зерттеулердің және талдаулардың нәтижесінде экспозицияларды жасауда көп салалықтың
маңызды екеніне көз жеткізілді, сондай-ақ реставраторлар мен дизайнерлерді тарту ұсынылатын
нысандар үшін барынша тиімді болатыны анықталды. Зерттеулердің құндылығы экспонаттарда
қалыптасқан артефакттармен жұмыс жасаудағы маңызды кезеңдерді толық ақпараттармен көзге
елестетудің қорытындысында жатыр. Жұмыстар іс-тәжірибелік мәнге, мысалы экспозицияның
музей келушілеріне талдау әсеріне, демек музейдің оны танымдық деңгейде жасап ұсынуына ие.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-15

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы