Қытай мемлекеттілігінің теориялық және концептуалдық негіздерінің кейбір аспектілері (сыртқы саясат мәселелері)

Авторлар

DOI:

10.26577/JH.2020.v98.i3.06

Аңдатпа

Мақала төрт буын билеушілерінің жетекшілігімен жүзеге асырылған Қытай Халық
Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасын зерттеуге арналған.
Қытай Халық Республикасы сияқты коммунистік және жабық елден сыртқы саяси даму
бағытын қалай өзгертті және ҚХР төрт буын көшбасшыларының басқаруындағы сыртқы саясат
тұжырымдамасы қандай сипатқа ие болды? Осы басшылардың бар күш-жігерінің нәтижесі
айқын көрінуде. Қазіргі таңда ҚХР экономикалық және саяси жағынан да, дамудың барлық
аспектілері бойынша әлемдегі ең өркендеген алпауыт елдердің бірі болып табылады. Мақалада
оның сыртқы саясатының тұжырымдамалары мен Қытайдың басты көшбасшыларының ішкі
саясатына негізделген дипломатиялық қатынастары қарастырылған. Ғылыми тұрғыдан да, саяси
тұрғыдан да Қытайдың халықаралық сахнада қатысуымен болатын түрлі үдерістер мен саяси
оқиғалардың мәнін толық ашып көрсету өте қиын екені анық. Екінші жағынан, бұл әлемдік
деңгейдегі үрдістерді Қытайдың сыртқы саясатының теориялық негіздері қалыптасқан бір
ғана теориялық бағыт тұрғысынан түсіндіруге болмайды. Өйткені, ешқандай теориялық мектеп
Қытайдың ықпалымен халықаралық тенденциялардың мәнін толық ашып, нақты сипаттай
алмайды. Осылайша, мақалада Қытайдың сыртқы саясатының оның халықаралық экономикаға
әсері тұрғысынан теориясы мен тәжірибесін зерттеу үшін халықаралық қатынастардың бірнеше
теориялары қолданылды. Жұмыста Қытайдың сыртқы саясаты мен басқа елдермен экономикалық қатынастарын
зерттеуге бағытталған тарихи-сараптамалық әдіс және басқа да қосымша әдістер қолданылды.
Бұл әдістерді қолдану халықаралық қатынастар жүйесінде Қытайдың сыртқы экономикалық
байланыстарының дамуына байланысты туындайтын проблемалардың себептерін зерттеуге
мүмкіндік берді.

Жарияланды

2020-10-14

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы