Махатма Ганди саясатындағы қоршаған ортаның, діннің, ойшылдардың және құқықтық білімнің рөлі

Авторлар

DOI:

10.26577/JH.2020.v98.i3.02

Аңдатпа

Зорлық-зомбылықсыз саясат теориясы сонау ерте заманнан бастау алғанмен, бірақ әлемдік
теңдеуде Үндістанның ұлы көсемі және ойшылы Махатма Ганди Үндістанға тәуелсіздік алу
мақсатында осы теорияны қуатты Британдық державаны құлату үшін қолданғаны тарихтан
белгілі. Көптеген себептер мен факторлар Үндістанның сол кезеңдегі лидері және ойшылы
Махатма Гандиді өзінің саясатының барысында Британдық отаршылдықтан құтылу үшін осындай
саясатты қолдануға мәжбүр етті. Атап айтқанда, оның діни сенімдері мен ойлауы, өзі өскен
бейбіт, зорлық-зомбылықсыз ортаның әсері және барлық тіршілік иелеріне зорлық-зомбылық
жасамау принципіне сенетін көршілері сияқты өзге де факторлар әсері, оның дүниетанымынан
орын алды. Өз заманының ойшылы Махатма Ганди үндістер арасында да, Индия мұсылмандары
арасында да үлкен құрметке ие болды, әрі өзінің уағызымен бір-бірімен жауласушы топтарды
біріктіруге ұмтылды. Мақалада Толстой, Торо және Рускин сияқты ғалымдардың ойлары,
жауларға жұмсақ моральдық мінез-құлықты насихаттайтын ислам мен христиан діндерінің әсері
және оған бейбіт және заңды шешімдер табуға көмектескен құқықтық білім туралы мәселелер
қарастырылған.

Жарияланды

2020-10-14

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы