Археология әуесқойлары Түркістан үйірмеcінің Әулиеата уезінде атқарған зерттеулері

Авторлар

DOI:

10.26577/jh.2020.v97.i2.23

Аңдатпа

1895 жылдың 11 желтоқсанында Ташкент қаласында құрылған Археология әуесқойларының
Түркістан үйірмесі – археология саласындағы жергілікті қоғамдық өлкетану ұйымы болып табылды.
Үйірме жиырма жылдан астам уақыт Орталық Азияның материалдық мәдениет, тарихи-мәдени
мұра нысандарда ізденіс жұмыстарын жүргізіп, оның ішінде археологиялық ескерткіштерінің
зерттелуіне сүбелі үлес қосқан. Әулиеата уезі Археология әуесқойлары Түркістан үйірмеcінің
кең көлемде зерттеу жүргізген аудандарының бірі. Әулиеата уезі Сырдария облысының
шығыс, солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Қазіргі Жамбыл облысының орталық, оңтүстік,
батыс, оңтүстік-шығыс және Қырғыз Республикасының солтүстіктегі (Талас облысы) жерлерін
алып жатқан. Мақалада В.А. Каллаур, И.В. Аничков, Ә.А. Диваев, В.П. Панков, Е.Т. Смирнов,
В.А. Мустафин, Н.Г. Маллицкий, В.П. Лаврентьев, Н. Жетпісбаев және т.б. үйірме мүшелері
Әулиеата уезінде атқарған ізденіс жұмыстары қарастырылады. Олар 1896-1908 жж.
аралығында Әулиеата уезінде кең көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, осы уезде орналасқан
ескерткіштердің сипаттамасын, орналасқан жерін және оларға байланысты аңыздарды жинақтап,
құнды деректер қалдырды. Олардың баяндамалары үйірме «хаттамаларында» орын алды

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы