ХХI ғасырдағы этникалық бірегейлікті зерттеудегі жаңа теориялар: сыртқы және ішкі бірегейлік теориясы

Авторлар

  • A. Beysegulova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/jh.2020.v97.i2.22

Аңдатпа

Мақала қазіргі күнгі өзекті тақырыптардың бірі этникалық бірегейлік мәселесінің кейбір
ұғымдары мен концепцияларына арналған. Бұл ұғымның негізі батыстық әлеуметтанушылары
мен антрополог ғалымдарынан бастау алатындықтан солардың тұжырымдамаларымен
қатар орыс және отандық ғалымдарының да еңбектеріне саралау жасалды. Олар бірегейлік
мәселесін әлеуметтік құрылым ретіндегі примордиализм, конструктивизм, инструментализм үш
интерпретациялауға бөліп қарастыратын осы бағыттардың өкілдері П.И. Кушнер, С.А. Артюнов,
Ю.В. Бромлей, Л.Н. Гумилев, В.И. Табаков, В.Д. Соловей, Н.Н. Целишев, Э. Смит, К. Гирц,
К. Калхун, Б. Андерсон, Э. Геллнер, Ф. Барт және В.А. Тишковтардың теорияларына тоқталып
өтілді. Сонымен қатар, этникалық бірегейліктегі мәдени шекараларға түбегейлі жаңа серпін
берген ғалым Ф. Барттың тұжырымдамалары сарапталған. Оның этникалық феноменді
түсінудегі әртүрлі жолдарына этникалық белгілердегі мәдени айырмашылықтарды әлеуметтік
ұйымдастырудың нысаны және топтың өздері белгілейтін маңызы бар мәдени сипаттамалары
туралы концепциясын қарастырған. Оның мәдени шекараның белгілі бір этникалық топқа
жатқызылу екі түрлі шекарамен, яғни, ішкі шекара – әлеуметтену үрдісі арқылы болса, екіншісі,
сыртқы шекара топаралық қатынастар негізінде қалыптасқаны туралы.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы