Азербайжандағы наурыз мерекесін тойлаудағы салт -дәстүрлер мен наным-сенімдер
Аңдатпа
Мақалада Азербайжан халқының наурыз мерекесін тойлаудағы салт- дәстүрлері мен наным – сенімдеріндегі ерекшеліктер қамтылған. Азербайжан халқында наурыз мерекесін тойлау алдын – ала ертерек қамданудан, дәлірек айтқанда бір ай уақыт шамасында ертерек дайындықтан басталады. Сол бір ай уақыт ішінде әр аптаның сейсенбіден сәрсенбіге өтетін түні мереке болып саналады. Бір ай уақыт ішіндегі осы төрт күн: отқа, суға, желге және жерге табыну болып саналады. Суға арналған мереке күн «Су сәрсенбісі», отқа арналған мереке күні «От сәрсенбісі», ал желге арналған «Жел сәрсенбісі» және жерге арналған мереке «Топырақ немесе Ақырғы (соңғы) сәрсенбі» деп тойланады. Халықтың наным – сенімі бойынша әрбір сейсенбі күні су, от, жел, топырақ жаңарып, табиғат ана жаңадан қалыптасатындығына талдау жасалған. Сонымен қатар мақалада азербайжан халқының наурыз мерекесін тойлаудағы өзіндік ерекшелітері көрсетілген.








