Солтүстік-Шығыс Арал маңының геологиясы мен геоморфологиялық ерекшелігі және аймақтан табылған тас құралдар
DOI:
10.26577/jh.2020.v97.i2.19Аңдатпа
Бұл мақалада авторлар 2019 ж. жазғы маусымында Қызылорда облысының Арал ауданында
территориясында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары негізгі қорытындылары
беріледі. Барлау жұмыстары барысында тас дәуіріне жатқызылатын тұрақ орындары анықталды.
Сонымен қатар табылған тас дәуірінің тұрақтарының беткі қабаттарынан тас құралдар
жиналып алынды. Мақалада негізгі қарастыралатын негізгі мәселе Солтүстік-Шығыс Арал
маңының геологиясы мен геоморфологиясы және аймақтың археологиялық зерттеулі тарихы
қарастырылған. Ең алдымен Арал маңы палеолит тұрақтарының тас дәуіріндегі өзекті мәселелерін
(тас дәуірі мәдениеттерінің дамуы еңбек құралдарының эволоциясы т.б.) шешуде палеолиттік
ескерткіштердің алар орны ерекше. Сонымен қатар кейінгі тас ғасырының ашылуы мен зерттелуі
және берген мерзімдеулері мен кезеңдеулері ғылыми тұрғыдан талданады. 2019 жылы ашылған
тұрақтардың ішіндегі Арал ауданына қарасты Шөміш ауылының маңынан ашылған Сарышоқы
тұрағынан алынған тас құралдардың сипаттамасы және мерзімі беріледі. Ескерткіштердің
орналасу топографиясын ескере отырып, ежелгі тұрақтар уақытша көне құрғап қалған су
көлдердің жиегінде орналасқандығын байқаймыз.








