Археологиядағы эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу

Авторлар

DOI:

10.26577/jh.2020.v97.i2.18

Аңдатпа

Археологияны тереңірек түсіну үшін эксперименттік археологияның рөлі өте жоғары екендігі
баршамызға мәлім. Кейбір эксперименттер барысында өндіріс қалдықтарын зерттеуге арналған
артефактілер дайындалса, басқалары түрлі операциялардың тиімділігін анықтауға бағытталады.
Жалпы, бұндай зерттеулер әр түрлі болғанымен, олардың теориялық тестілеу мен зерттелуінің
практикалық, физикалық аспектілеріне байланысты ортақ белгілері көп. Дегенмен де, кез келген
экспериментті бастамас бұрын, зерттеуші эксперимент нәтижесі арқылы қандай гипотезаны
дәлелдейтінін және зерттеудің түпкілікті мақсатын айқындауы міндетті. Нақты зерттеу
жұмысының мақсаты тақырып аясындағы шетелдік авторлардың эксперименттік зерттеулерді
ұйымдастыру үдерісіне қатысты зерттеулерін сараптау, сондай-ақ әр кезеңінің анықтамасы
бар оңтайлы нұсқаны ұсыну болып табылады. Зерттеу барысында тарихнамалық принцип пен
материалдарды салыстырмалы-талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің теориялық негізін XIX ғ.
ортасы мен XXI ғ. басы аралығындағы археологиядағы эксперимент барысы мен өткізілу тәртібіне
арналған еңбектер құрайды. Зерттеу нәтижесінде, біз, эксперименттік зерттеуді орындаудың
бес кезеңі толығымен сипатталған оңтайлы кестені ұсындық. Осы орайда, археологиядағы
эксперименттік зерттеу аз мәліметтерге негізделген гипотезаларды орынды тұжырымдарға
айналдыру мүмкіндігі екендігін ескере отырып, біз ұсынған тәртіп тек дәлелдеудің дәрежесін
ғана көтере алады деген қорытынды шығарамыз.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы