Алтын Орда дәуірінен қалған тарихи мәтелдер мен сөз тіркестері: мәні мен мазмұны
DOI:
10.26577/jh.2020.v97.i2.15Аңдатпа
Автор мақаласында Алтын Орда дәуірі кезінде жекелеген хандардың жүргізген саясаты мен
іс-әрекеттеріне байланысты ел аузында сақталып қалған тарихи сөздер мен сөйлемдердің пайда
болуы тарихын, мәні мен мазмұнын түсіндіруге тырысады. Солар арқылы жалпы Алтын Орта
тарихының кейбір көмескі тұстарына тереңірек үңіліп, олардың қырларына ғылыми тұрғыда
түсіндірмелер береді. «Дін Өзбектен қалған», «Нар мойыны Бердібекте кесілді» деген тарихи
сөздердің пайда болуы мен мазмұнын түсіндіру арқылы XIII-XIV ғасырлардағы Алтын Орда
билеушілерінің ислам дініне көзқарастары мен Батый әулеті өкілдерінің тақ үшін жүргізген
күрестерін көрсетуге тырысады. Мүмкіндігінше, әрбір билеушіге қысқаша тарихи баға беріледі.
Батый ханнан Өзбек ханға дейінгі әрбір Сарай билеушісінің ислам дініне көзқарастары, Сарай
тағын иелену жолындағы қанды күрестер нақты араб, парсы және түрік тілдерінде жазылған
жазба деректер мәліметтеріне негізделіп қарастырылады.








