Мажарлар тарихының кейбір тарихнамалық мәселелері (этникалық мәдениетіндегі түркілік контекст)

Авторлар

DOI:

10.26577/jh.2020.v97.i2.10

Аңдатпа

Мажар халқының этникалық тарихын зерттеу тарих ғылымында өзекті мәселелердің бірі
болып табылады. Мажарлардың этнос ретінде қалыптасу барысындағы ежелгі тарихы көшпелі
өркениет пен отырықшы халықтар үшінде қызықты екені сөзсіз. Олардың көптеген еуропалық
халықтардан ерекшелігі оның этникалық тарихының тереңде жатқандығында. Егер б.э.д., I
мыңжылдықта қалыптасқан протомажарлық тілді қосымша қарайтын болсақ, онда мажарлардың
тарихи шығу тегі б.э.д., 2,5 жылдықтан бастау алады. Бұған қарамастан мажарлар туралы алғашқы
шынайы жазба деректер тек IX ғасырларда ғана пайда бола бастады. Жалпы тарих сахнасына
мажарлар деген атпен шыққан бұл этностың көшпелі қыпшақтармен байланысының тығыз болуы
тарихнамалық мәселелерде күрделі бетбұрыстарды қажет етті. IX ғасырға дейінгі мажарлардың
тарихын қарастыратын болсақ, олардың біртұтас көшпелі өркениеті тұрғысынан қарастырылуы
қажеттігін байқаймыз. Алайда, Дунай мен Тисса жағалауына қоныстанған мажарлардың батыс
бөлігі үшін тарихи деректер тек батыстық хроникаларда сақталған. Ал, сол кездегі шығыста
қалған ордалардың деректері араб, парсы деректерінен көрініс тауып отыр. Дегенмен қазіргі
күнге дейін мажарларға байланысты үлкен бір тобын батыстық деректер құрастырып отыр.

Жарияланды

2020-07-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы